Биыл Атырау көшелеріне 5 мыңнан астам жас көшет отырғызылады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Биыл Атырау көшелеріне 5 мыңнан астам жас көшет отырғызылады

Дереккөз – www.inform.kz

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Атырау қаласын көгалдандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Наурыз айында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Атырау қаласын көгалдандыру» жобасы бойынша 5 жылға жоспарланған жұмыстар басталды. Нақтырақ айтқанда, аталған жоба шеңберінде, жыл сайын қаланың орталық көшелеріндегі саябақ пен алаңдарда өсіп тұрған 53 мың дана жасыл желекті күтіп ұстау, 12 мың шаршы метрге гүл егу және жыл сайын 5154 жас көшет отырғызу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, аталған жасыл желек зянкестерден қорғалады.

Бұдан бөлек, карантин режимі аяқталған соң қала әкімдігінің қолдауымен 20 мың дана жас көшет сатып алынып, ауылдық округтерде отырғызу көзделіп отыр. Сондай-ақ, биыл 23 мың шаршы метрге дейін жасыл-көгал төселеді. Бүігнде, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі тарапынан ашық конкурс жарияланып, мердігер мекеме анықталды.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика