Экология министрлігі су саласына бөлінетін қаражатқа қоғамдық бақылау енгізеді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Экология министрлігі су саласына бөлінетін қаражатқа қоғамдық бақылау енгізеді

Дереккөз – www.gov.kz

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев гидротехникалық құрылыстар мен ириигациялық жүйелерді салу және жаңғыртуға бөлінетін қаражаттың жұмсалуын қоғам тарапынан бақылауды енгізуге ниетті.

Бұл туралы министр Kun.kz.-тегі тікелей эфир барысында хабарлады.

«Өкінішке орай, соңғы жылдары су саласын түрлі жанжалдар абыржытып тастағаны жасырын емес. Осылайша, ең бір құрметті мамандықтың абырой-беделі, тақырыпқа сай айтсақ, суға кетті», – деді М. Мырзағалиев эфир барысында, жүргізушінің су саласына бөлінетін қаражаттың жұмсалуын бақылау туралы сауалына жауап бере келіп.

«Егер қоғам бұл процеске тартылатын болса, бізге оңайырақ, ал маған, жеңілірек болады. Егер жергілікті жерде тұрғындар тарапынан бақылау жасалатын болса, онда жұмыс та сапалы әрі уақытылы жүргізіледі», – деді министр.

Ол бағдарлама жүргізушісі, белгілі қоғам белсендісі Мұрат Әбеновті осы процеске қатысуға шақырды.

«Біз дайынбыз. Министрліктің барлық материалдарды, соның ішінде жобаны қаржыландыру туралы ашық жариялауы өте маңызды », – деді М.Әбенов.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика