Елорданың «жасыл белдеуін» қаншалықты кеңейтеді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Елорданың «жасыл белдеуін» қаншалықты кеңейтеді

Дереккөз – www.inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев ASTANA телеарнасындағы «Елорда» тікелей эфирінде елорданы көгалдандыру жоспарлары туралы айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат ІІМ-нің тілшісі хабарлады.

«Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында 1 миллионға жуық ағаш отырғызылды. 2018 жылы 19 мың жапырақты және қылқан жапырақты ағаш отырғызылды, 2019 жылы – 114 мың. Биыл бұл жұмыс жалғасады. Қазір қала саябақтардың санын көбейтуде. 50 қоғамдық орындар салынуда. Адамдар демалатын жерлерде ағаштар күзде және көктемде отырғызылады. Жылдан жылға біз бұл жұмысты жандандырғымыз келеді. Бізді қуанышқа бөлейтін ең бастысы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған жасыл белдеу. Ол біздің мақтанышымызға айналды », – деді Алтынбек Қайсағалиев.

Оның айтуынша, жасыл белдеу бүгінде бір жағынан қаланы желден қорғайды, ал екінші жағынан – ауаны тазартады.

«20 жыл бұрын отырғызылған ағаштар қазір орманға айналды. Сонда бұл аймақ туристердің демалатын орнына айналады. Биыл тағы 350 гектар жерге ағаш отырғызу жоспарлануда », – деп қорытындылады Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика