15 ауылдың тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

15 ауылдың тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізді

Дереккөз – www.gov.kz

Жұмыс сапары барысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Май ауданы, Баскөл ауылындағы су тазарту станcасында болды.

Су құбыры жобасы 2018 жылы жүзеге асырылып, 2019 жылғы желтоқсанда аяқталды. Жобаны жүзеге асыру үшін 5 миллиард теңгеден бөлінген.

«Нұра» топтық су құбыры» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары Әйгерім Ақжанова құрылыстың құны 4,4 млрд. екенін жеткізді. Қалған қаражат бюджетке қайтарылған.

– Бүгінде сумен жабдықтау жүйесі толық қуатта іске қосылды, – дейді Әйгерім Ақжанова. – Халқы 200 адамнан асатын 15 ауыл қосылып отыр. Бұл 10 мыңнан астам адам. Су тәулік бойы тест режімінде ақысыз беріледі. Су тазарту қондырғысы неміс жабдықтарымен жарақтандырылған.

Әйгерім Ақжанованың айтуынша, су құбырының өткізу қабілеті тәулігіне 4150 текше метрді құрайды, оның тек 2500-і ғана тұтынылады.Судың қоры 20 жылға жететіндіктен, Ақсу ауылдық аймағын сумен жабдықтау жүйесіне қосуға болады.

– Бұл сұрақ көтерілді, – дейді Әйгерім Ақжанова. – Қазір билік жобаның тиімділігін қарастыруда. Егер мақұлданса, біз осы құбырды салуға дайынбыз.

Май топтық су құбырын қызмет көрсететін ұйымның балансына беру проблемалық мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта қызметті «Нұра» топтық су құбыры» ШЖҚ РМК көрсетуде. Бірақ болашақта су құбырын сонымен қатар, Беловодск топтық су құбырына қызмет көрсететін «Казводхоз» РМК-ға беру жоспарлануда.

Қазір Май топтық су құбырында 11 адам жұмыс істейді. Айсайынғы жалақы шығыны шамамен миллион теңгені құрайды.

Мағзұм Мырзағалиев су құбырының жұмысын жоғары бағалады. Ауыл тұрғындарының таза ауыз суға қол жеткізуі олардың өмір сүру сапасын жақсартып, тұрғындардың ауылдан көшпеуіне себепші болады деген үмітте.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика