Дерекоз – www.gov.kz
21 тамыз күні сағат 11.00-де ашық zoom-конференциясы форматында көпшілік назарына “Шарын” мемлекеттік ұлттық табиғи паркін дамыту тұжырымдамасы ұсынылады. Іс-шараға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев және басқа да сала сарапшылары қатысады. Сондай-ақ, ниет білдірушілердің барлығын, оның ішінде ұлттық парктегі экотуризмді дамыту жобасына қызығушылық танытатын бизнес өкілдерін шақырамыз. Конкурс ашық түрде өткізілетінін атап өткіміз келеді.
Экотуризмге неге басымдық беріп отырмыз?
Біріншіден, бұл сізге табиғатта тамаша демалуға мүмкіндік береді. Қазақстанда жылдар бойы көз үйренген тау болып үйілген қоқыстан, қаптаған көліктен арылып, адамның табиғатпен өзара байланысының жаңа бір тәсілі қалыптасады. Бұл қоршаған ортаны зерттеу және осы ортаның жағдайын жақсарту мақсатында жасалып отырған шара. Яғни, экотуризмнің негізінде қоршаған ортаға деген қамқорлық жатыр. Сондықтан жыл сайын миллиондаған туристерді қарсы алуда әдеттегідей жерошақ жағып, кәуап пісіру яки от жағу емес. Бұл, ең алдымен, серуендеу және тау туризмі, шаңғы туризмі.
Андорра мен экотуризм дамыған басқа да елдердегідей, Қазақстанда күрделі құрылыссыз жаяулар соқпағы мен жолдар салу, глемпинг, кэмпинг, көру алаңын, этно-ауыл, шатырлы лагерь орнату арқылы дамытылады. Адамдар көп келетін жерлерде туристерге қажетті барлық ақпарат берілетін заманауи сапарлау орталықтарын салу жоспарлануда. Олардың жанында азық-түлік дүкендері, кәдесыйлар сататын сөрелер, медициналық пункттер, туристік құралдарды жалға беру пункттері орналасады.
«Шарын» МҰТП-да экотуризмді дамытудың негізгі бағыттарымен осы онлайн кездесу аясында танысып, сонымен қатар сауал да қоя аласыздар.
Zoom-конференцияға қатысу үшін samal.ibrayeva2090@gmail.com электрондық поштасы арқылы тіркелу қажет.