Қазақстан Президенті Қасым-ЖомартТоқаев халыққа Жолдауында мемлекеттің саяси-әлеуметтік дамуы үшін өте маңызды мәселелер көтерілді. | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан Президенті Қасым-ЖомартТоқаев халыққа Жолдауында мемлекеттің саяси-әлеуметтік дамуы үшін өте маңызды мәселелер көтерілді.

Ақпарат көзі – www.gov.kz

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы, экономика, әлеуметтік, саяси салаларға қатысты алдағы басымдықтарды айқындап берді. Соның ішінде экология мен биоалуандылықты қорғау мәселесіне ерекше тоқталды. Үкімет пен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне бірқатар нақты тапсырма берді. Парламентке жыл соңына дейін жаңа Экологиялық кодексті қабылдау, Үкімет экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыруға кірісіп, биологиялық алуандықты сақтау мен орнықты пайдаланудың ұзақ мерзімді жоспарларын бекітуі тиіс. Бұған қоса елімізде алдағы бес жылдың ішінде 2 млрд. түп ағаш отырғызылады. Халықтың экологиялық тәрбиесіне көңіл бөлу, ұлттық парктерді қорғау, табиғатқа залал келтіргендерге жазаны күшейту, эко туризмді белсенді дамыту, «Жануарларды қорғау туралы» заң жобасын әзірлеу, сондай-ақ министрлікке балық саласын дамыту мен су саласын реформалау міндеті жүктелді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика