Экология министрі «Алтын Емелде» көзге түскен барыстың видеосын жариялады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Экология министрі «Алтын Емелде» көзге түскен барыстың видеосын жариялады

Дереккөз – www.gov.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев “Алтын Емел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет көзге түскен қар барысының фото, видеоларымен бөлісті.

«Жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр: “Алтын Емел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет қар барысы байқалды. Жануар фототұзақ объективіне ілінген”, – деп жазды министр Twitter парақшасында.

Орта Азияда сирек кездесетін сүтқоректі көктемде “Сайрам Өгем” ұлттық паркінде де көрініп еді.

Министрдің сөзінше, жойылып кету алдында тұрған сұлу жануардың саны әлемде бар болғаны 4 мыңдай ғана. Қазақстан аумағында 120-130 бас қар барысы бар. БҰҰДБ Қазақстанның ерекше қорғалатын 13 аймағына 294 фототұзақ орнатқан.

“Барыстың көзге түсуі – ерекше құбылыс. Біз сирек кездесетін жануарларды барынша қорғауымыз керек. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл үшін бірқатар шараларды қабылдап, жүзеге асырмақ”, – деп жазды Мағзұм Мырзағалиев.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика