Шардара су қоймасы 7 балдық жер сілкінісіне шыдас беретін сейсмикалық төзімділікке ие болады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Шардара су қоймасы 7 балдық жер сілкінісіне шыдас беретін сейсмикалық төзімділікке ие болады

Дереккөз – www.facebook.com/EcologyofKazakhstan

Cу қоймасы 56 жыл бұрын салынды
Резервуар 5,2 млрд. текше метрге есептелген
«Қазсушар» РМК құмнан көтерілген қабырғаларды қалыңдатып, жер асты суларының деңгейін төмендету үшін қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алды.
Ғалым Мырзабаев, құрылыс компаниясының басшысы:
«1 млн 100 мың текше метр құм төселіп, нысан қабырғасының артқы жағын толығымен нығайтамыз. Жер сілкінісі бола қалса, су астындағы тектоникалық плиталар ойнауы мүмкін. Сонда судың бетінде алып толқындар пайда болады. Бұл – жұмыстардың барлығы соның алдын алу шарасы».
Сондай-ақ ұңғымалардың саны 183-ден 600-ге көбейтілді
Су қоймасын қайта қалпына келтіруге мемлекет 7 млрд 733 млн теңге бөлді
Құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың аяғына дейін толығымен аяқтау жоспарланып отыр
Судың көлемін есептеу үшін толығымен сандық технологиялар енгізіледі
Абай Мүтәлиев, Шардара су қоймасы өндірістік бөлімшесінің басшысы:
«Бөгеттен шығып жатқан сулардың барлығы компьютер арқылы есептеліп отырады»

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика