Қазақстанда 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған – Экология министрлігінің басшысы | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстанда 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған – Экология министрлігінің басшысы

Источник – www.gov.kz

Қазақстанның тоғыз өңірінде 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Қазақстанның су қауіпсіздігі: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларды шешу перспективалары» тақырыбындағы Сенаттағы үкіметтік сағатта хабарлады.

«9 өңірде жалпы көлемі жылына 3,6 млрд. м3 болатын 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған. Оларды жүзеге асыру үшін 115 млрд.теңге қажет», – деді М. Мырзағалиев Үкімет сағатында.

31 су қоймасы іске асырылу сатысында, оның ішінде: 1-уінде құрылыс жүргізілуде (Кеңсай-Қосқорған), 28-і бойынша ТЭН әзірленуде, 3-уінде ЖСҚ әзірленуде (Қараөзек, Күміскеткен, Бузулук).

Су қоймаларын салу 70 елді мекен үшін су тасқыны құбылыстарының қаупін азайтуға; жаңа суармалы жерлерді – 394 мың га айналымға енгізуге; ауыл шаруашылығында 129 мыңнан астам жұмыс орнын құруға; трансшекаралық өзендердің су көлеміне тәуелділіктен арылуға мүмкіндік береді: 30%-ға дейін – Қырғызстаннан, 25%-ға дейін – Өзбекстаннан, 15%-ға дейін – Ресейден.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика