Экология министрі М. Мырзағалиев ұжымға жаңа вице-министрді таныстырды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Экология министрі М. Мырзағалиев ұжымға жаңа вице-министрді таныстырды

Дерек көз – gov.kz

Ол – бұдан әрі су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін Серік Салауатұлы Қожаниязов.

Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Кузбас политехникалық институтын, 2002 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы жөндеу-механикалық зауытында инженер-технолог болып бастады. Әр жылдары жеке секторда жұмыс істеген. 1999-2000 жылдары – Инвестиция тарту және қор нарығын дамыту орталығының директоры.

2001-2005 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі. 2005-2007 жылдары – Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры. 2007-2008 жылдары – Қызылорда қаласының әкімі.

2008-2014 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2014-2019 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

Серік Қожаниязов «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен және 2 мерейтой медалімен марапатталған.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика