Министр М. Мырзағалиевтің Жеңіс күнімен құттықтауы | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Министр М. Мырзағалиевтің Жеңіс күнімен құттықтауы

Дерек көз – gov.kz 

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Баршамыз үшін бұл күннің орны да, орайы да бөлек. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы мен еліміздің өркендеуі де осынау мерекенің жемісі.

Жеңісті күнді жақындатуға үлес қосқан ата-апаларымыздың майдан даласындағы ерлігі мен тылдағы еңбегі өлшеусіз. Олардың ардақты ісін бүгінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді.

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Аспанымыз ашық боп, еліміз гүлдене бергей!

Құрметпен,
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі
Мағзұм Мырзағалиев

 

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика