Акция «Бірге таза Қазақстан», посвященная Всемирному дню окружающей среды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Акция «Бірге таза Қазақстан», посвященная Всемирному дню окружающей среды

Дерек көз – gov.kz 

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні, экологтардың кәсіби мейрамы! Айтулы күнді атап өту шеңберінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі “Бірге Таза Қазақстан” акциясын өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шараға барлық облысты қоса есептегенде 120 мыңнан астам адам қатысады. Осыған орай республика бойынша 492 локация белгіленді.

Нұр-Сұлтан қаласында негізгі алаң ретінде Алматы ауданындағы Нұра-Есіл каналының маңайы таңдап алынды. Акцияға қатысуға ниеттілерді 5 маусым күні Б.Момышұлы көшесі №1 мекен-жайы бойынша сағат 08:00-де күтеміз.

Барлық азаматтарды сенбілікке қатысуға шақырамыз. Тек бірлесіп қана Қазақстанды таза ете аламыз!

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика