Магзум Мирзагалиев в преддверии «Всемирного дня охраны окружающей среды» наградил лучших в области экологии | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Магзум Мирзагалиев в преддверии «Всемирного дня охраны окружающей среды» наградил лучших в области экологии

Дерек көз – gov.kz

Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне» арналған салтанатты жиын өтті. Министр Мағзұм Мырзағалиев сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, белсенді жұмыс атқарғандарды марапаттады. Олардың қатарында экология саласының ардагерлері, майталмандары және жастар да бар. Мәселен Министрліктің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Қуат Әйгерім, қоғамдық кеңес мүшесі Артюхина Галина “Экология саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды. Ал экоамбассадор Аббасов Мирас, Садуақасова Динара “Алғыс хат” алды.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:
«Егеменді еліміздің табиғатын қорғау және экологиялық ахуалын жақсарту жолындағы қызметтеріңіздің жемісін көріңіздер. Сіздердің қоршаған ортаны сақтау мен жақсарту жолындағы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін».

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика