Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында трансшекаралық өзендер мен климаттың өзгеруі мәселелері талқыланды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында трансшекаралық өзендер мен климаттың өзгеруі мәселелері талқыланды

Биылғы жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының 17 форумы қарсаңында ресей тарапымен бірлесіп онлайн режимде «Трансшекаралық су объектілері»  және «Климаттың өзгеруі» тақырыптары бойынша панельдік сессиялар өтті.

Панельдік сессиялар барысында трансшекаралық су ресурстарын басқару, төмен көміртекті даму, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

«Трансшекаралық су объектілері» тақырыбындағы панельдік сессия шеңберінде тараптар ірі өзендер (Жайық, Ертіс және басқалары) бассейндерінде зерттеулер жүргізу бойынша бірыңғай Жол картасын іске асыру, трансшекаралық сулардың су ресурстарын кешенді және ұтымды пайдалану, судың ластануын азайту, сондай-ақ су экожүйелерін сақтау бойынша бірлескен жұмыс мәселелерін талқылады.

Сонымен, тараптар трансшекаралық су объектілерінде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда өзара жедел хабарлау тетігін жетілдіру мәселелерін талқылады.

«Климаттың өзгеруі» тақырыбындағы панельдік сессия аясында тараптар парниктік газдар шығарындыларын шектеу жөніндегі шараларды қоса алғанда, климаттың өзгеру салдарын жұмсарту, сондай-ақ қолайсыз салдарларды барынша азайта отырып, климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелерін талқылады.

Панельдік сессия жұмысына қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын ұтымды пайдалану, сондай-ақ климаттың өзгеруі саласындағы екі елдің 100-ден астам жетекші мамандары қатысты.

Панельдік сессиялар жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленді, сондай-ақ тараптар тұрақты байланыстарды қолдау, уағдаластықтардың орындалу барысын бақылау және белгіленген тақырыптардағы өзара тиімді жобалар мен бастамаларды қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика