Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында биоәртүрлілікті сақтау саласында құжаттарға қол қойылды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында биоәртүрлілікті сақтау саласында құжаттарға қол қойылды

Форум екі елдің экология және «жасыл экономикалық өсім» саласындағы ынтымақтастығы аясында өтті.

Форумда тараптар экология, биоалуантүрлілікті сақтау, трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау саласындағы мәселелерді талқылады.

Экология министрі С.Брекешев Қазақстан мен Ресей арасындағы экологиялық ынтымақтастықты дамытуда елеулі табыстарға қол жеткізілгенін тілге тиек етті.

«Біз келісім-шарт базасын үнемі кеңейтіп отырамыз. Қазақстан мен Ресей арасындағы экология, биоалуантүрлілікті сақтау, трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау саласындағы 7 Үкіметаралық келісімге қол қойылды. Аталған келісімдерді жүзеге асыру үшін екіжақты комиссиялар мен арнайы жұмыс топтары жұмыс істейді», – деп атап өтті Министр.

Форум аясында салалар бойынша 13 құжатқа қол қойылды. Экология Министрлігінің қызметі бойынша келесі құжаттарға қол қойылды:

  • Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология министрлігі арасындағы Киіктердің шекара маңындағы популяциясын қорғау, өсіру және пайдалану туралы келісім (Saiga tatarica tatarica);
  • Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімді іске асыру аясында 2021-2026 жылдарға арналған Каспий итбалығының популяциясын сақтау жөніндегі Қазақстан мен Ресей арасындағы бірлескен іс-қимылдар жоспары.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика