600 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

600 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі

Бес жыл ішінде 600 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында каналдар мен су қоймаларын салуды талқылау кезінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, біз 2030 жылға дейін суармалы жер көлемін 3 миллион гектарға дейін жеткізуіміз қажет. Суармалы егіншілік негізгі су тұтынушы болып отырғанын айта кету керек. Бүгінгі таңда суармалы жерлердің алаңы 1,6 миллион гектарды құрады. Бес жыл ішінде 600 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады. Осылайша, суармалы жерлердің алаңы 2,2 миллион гектарға дейін жеткізілетін болады», – деді С. Брекешев.

Суармалы егіншіліктің ағымдағы жай-күйіне тоқталсақ, су тартудың барлығын алғанда 12,1 текше километр тұрақты суаруға келеді. Оның ішінде 11,8 текше километр 4 оңтүстік облысқа тиесілі: 1,25 млн гектар суармалы алаңы бар Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары қамтылған. Яғни, бұл суаруға арналған су тартудың 97% пайызы және ел бойынша барлық суармалы алаңның 78% пайызы. Бұл ретте, осы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша су үнемдеу технологияларымен қамтылған алаң республика бойынша 248 мың гектарды құрады. Оның ішінде оңтүстік өңірде 1,25 млн гектардың тек 5,4 пайызы немесе 67,7 мың гектары ғана енгізілген.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика