Жаңа заң жобасында жануардың өліміне әкеп соққан қатыгездігі үшін 583 мың теңге айыппұл қарастырылған | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Жаңа заң жобасында жануардың өліміне әкеп соққан қатыгездігі үшін 583 мың теңге айыппұл қарастырылған

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» брифинг өтті. Спикерлер ретінде экология вице-министрі Ә. Шалабекова мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Д. Тұрғамбаев сөз сөйледі.

Вице-министрдің айтуынша, жаңа заң жобасын қабылдаудың мақсаты – жануарларға адамгершілікпен қарауды құқықтық реттеу, оларға мейіріммен қарау. Оның негізі жалпы қабылданған этникалық құндылықтар шеңберінде жануарлар мен адамның амандығы және адамдардың бойына жанашырлық, қайырымдылық  сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.

Жаңа заң жобасында мыналар қарастырылған:

– мемлекеттік органдардың жануарларға қатынас пен оларды реттеу саласындағы өкілеттіліктерін бөлу;

– жануарларды ұстауға және тасымалдауға, сондай-ақ өсіруге және ветеринариялық қызмет көрсетуге қойылатын жалпы талаптар;

– жануарларға қатыгез қарым-қатынасты насихаттауға тыйым салу.

Сонымен қатар, Әлия Шалабекова жекелеген санаттағы жануарларды мәдени және ойын-сауық мақсатта, эксперименттік (зертханалық), қызметтік, үй жағдайында ұстау және қараусыз, қаңғыбас жануарларға қарау кезінде қойылатын талаптар анықталғанын атап өтті.

Қоғамдық бақылау үшін мұндай жағдайға немқұрайлы қарамайтын азаматтар мен қоғамдық ұйымдар жануарларды емдеу саласындағы «қоғамдық инспекторлар» ұғымын енгізуді ұсынады. Неғұрлым егжей-тегжейлі тәртіпті уәкілетті орган айқындайтын болады.

Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілікті қоса алғанда, жануарлардың өмірі, денсаулығы және амандығы үшін иесінің жеке жауапкершілігін енгізу (қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін) және қылмыстық жауаптылық (құқық бұзушылық үшін жаза қатаңдатылады – жануардың өліміне әкеп соққан құқық бұзушылық үшін жаза 120-дан 200 АЕК-ке дейін, ал қайталап бұзған кезде 1000 АЕК-ке дейін не бір жылға дейін бас бостандығынан айыру) туралы да айта кеткеніміз жөн.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын  қабылдау Қазақстанның прогрессивті, заманауи мемлекет ретіндегі имиджін нығайтады, барлық тіршілік иелеріне адамгершілікпен қарауға мүмкіндік береді. Үй жануарларына қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алады, сондай-ақ жануарларға қатысты жағымсыз көріністерге тосқауыл қояды», – деді Әлия Шалабекова.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика