Талғат Момышев ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Талғат Момышев ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Талғат Амангелдіұлы Момышев Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, бухгалтер-экономист.

1994-1996 жж. — қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры.

1997-1998 жж. — Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары.

Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеді.

1998-1999 жж. — Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті. 1999-2000 жж. — Жамбыл облыстық инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы.

2000 ж. — «Метрология» РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» АҚ директорының бірінші орынбасары.

2000-2005 жж. — «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы.

2005-2010 жж. — Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.

2010-2014 жж. — Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2014-2016 жж. — Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2016-2018 жж. — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2018-2019 жж. — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2019-2021 жж. — ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы. 2021 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінің аппарат басшысы болды.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика