Серікқали Брекешев «KaukoInternational Oy Ltd» Бас директоры Ниилес Айроламен кездесті | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Серікқали Брекешев «KaukoInternational Oy Ltd» Бас директоры Ниилес Айроламен кездесті

2021 жылғы 20 қазанда ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «KaukoInternational Oy Ltd» фин компаниясының Бас директоры Ниилес Айроламен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар 2021 жылғы 13 мамырда ҚР ЭГТРМ, «KaukoInternational» компаниясы және қазақстандық-фин технологиялық орталығы арасында экология, орман және балық шаруашылығы, қалдықтар мен су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған Меморандумды іске асыру мәселелерін талқылады.

Серікқали Брекешев Финляндияның ормандарды кесу жөніндегі іс-шараларды жүргізудегі табысты тәжірибесін атап өтіп, «KaukoInternational Oy Ltd» компаниясын елімізде ағаш шикізатын алу үшін жоғары өнімді дақылды плантациялар құруға мүмкіндік беретін плантациялық орман өсіру және орман питомниктерін құру жөніндегі жобаларды іске асыруға шақырды.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың мемлекеттік орман қоры жерлерінде 2 млрд. ағаш және елді мекендер аумағында 15 млн. ағаш отырғызу жөніндегі бастамасын іске асыру мақсатында біз ормандарды молықтыру мен орман өсірудің кешенді жоспарларын және елді мекендерді көгалдандырудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспарларын әзірледік. Орман саласын дамыту бойынша жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында сіздің компанияңызды плантациялық орман өсіру бойынша жобаларды іске асыруға шақырамыз»,- деді министр.

Министр  сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастықты ұсынды.

Өз кезегінде Нийлес Айрола алдағы уақытта ынтымақтастықты егжей-тегжейлі талқылау үшін бейнеконференцбайланыс арқылы сараптамалық кездесулер өткізуге мүдделілігін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар биылғы жылдың желтоқсан айында Хельсинки қаласында өткізілуі жоспарланған Қазақстан-Финляндия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы шеңберінде орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық және қалдықтарды басқару жөніндегі Жол картасын қол қоюға дайындау уағдаластығына қол жеткізді.

Айта кетейік, «KaukoInternational Oy Ltd» – фин компаниясы және халықаралық саудада 70 жылдық тәжірибесі бар заманауи сауда-жобалау орталығы. Қазіргі уақытта компания өз қызметін 22 елде жүзеге асыруда. Негізгі салалары целлюлоза-қағаз, энергетика, өңдеу және экологиялық өнеркәсіп.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика