«Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде» баспасөз туры өтті | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

«Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде» баспасөз туры өтті

Бүгін ҚР ЭГТРМ «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» даму бойынша» баспасөз турын өткізді.

Іс-шараға республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Олардың қатарында «Хабар, «Хабар24», «Жетісу ТВ» сынды телеарналар мен «Tenge Monitor» газеті де бар.

Баспасөз турында қызметкерлер парктің тыныс тіршілігі, келушілерге қолайлы әрі қауіпсіз ету мақсатында атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.

«Жануарлар дүниесін қорғау және молайту» бөлімінің басшысы Арсен Нұрғалиев парк аумағында мекендейтін жануарлар жайлы, олардың қазіргі уақыттағы жағдайы, өсімі және жануарлар дүниесін қорғау мақсатында қолға алынған шаралар туралы айтты.

Сондай-ақ «Экологиялық ағарту және туризм» бөлімінің басшысы Қутлуқжан Юнусов ұлттық парктің туристік бағыттарымен, парк аумағында экологиялық туризмді дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика