«Шығыс» тұрғын-үй кешенінің құрылыс алаңындағы фламинго құсына қатысты | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

«Шығыс» тұрғын-үй кешенінің құрылыс алаңындағы фламинго құсына қатысты

2021 жылғы 4 қарашада әлеуметтік желілерде Нұр-Cұлтан қаласындағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінің (Жасыл квартал ауданында) құрылыс алаңында 2 фламинго құсы бар екендігі туралы бейнематериал жарияланды.

Ауа-райының жағдайын ескере отырып, ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлеріне фламинголарды құтқару шараларын қабылдауды тапсырды.

Инспекторлар ол жерді тексерген кезде фламинго табылған жоқ. Аталған құрылыс алаңы қызметкерінің айтуынша, фламинголар Кіші Талдыкөл көліне қарай ұшып кеткен.

Қазіргі уақытта инспекторлар қала әкімдігінің қызметкерлерімен бірге фламинголарды  іздеу мақсатында Кіші Талдыкөл көлін тексеріп жатыр.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика