Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурстың өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс, 3 қабат, 351 кабинет.
Конкурс өтетін уақыты: 2026 жылғы 14 қаңтардан бастап 2026 жылғы 20 қаңтар аралығында. (Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі мен әңгімелесу өткізу кестесі Министрліктің сайтында қосымша жарияланады)
Кәсіпорынның атауы: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі-Кәсіпорын) мекен-жайы:010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 11/1.
Кәсіпорын қызметінің мәні: Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын және табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларын жүргізу.
Функционалдық міндеттері: Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның даму және жұмыс, бюджеттеу жоспарын әзірлейді, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметінің мәселелерін шешеді. Кәсіпорынның міндеттемелері мен функцияларын орындауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлер орындайтын есептердің, хаттардың, ақпараттардың уақытылы ұсынылуын және сапасын бақылайды. Қызметкерлердің жоспарларды орындауын ұйымдастырады. Ресурстарды ұтымды пайдалануды бақылауды жүзеге асырады. Жұмыстың жаңа және қазіргі заманғы әдістерін жетілдіру, жоспарлау және енгізу жөніндегі жұмысты талдайды және ұйымдастырады. Мемлекеттік билік және басқару органдары мен басқа да мүдделі ұйымдардың табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық-консультациялық қызметтері бойынша жұмысты ұйымдастырады. Кәсіпорын қызметінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді және бақылайды. Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрлігі алдындағы кәсіпорынның барлық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді бақылайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары (химия,география және/немесе экология). Мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. Мүмкіндігінше «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болуы.
Конкурсқа қатысу үшін қатысушыдан құжаттар: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс, 4 қабат, 435 кабинет те орналасқан Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Персоналды басқару департаментіне немесе мына электронды адрестерге: me.alipbaeva@ecogeo.gov.kz, r.daulet@ecogeo.gov.kz тапсырылуы тиіс, анықтама үшін телефоны: . 8(7172)74-12-19, 74-12967.
Құжаттарды қабылдау уақыты: конкурс өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында және Министрліктің сайтында орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында және Министрліктің сайтында конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысушы үміткер Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтында электронды түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу Қағидаларының 1 қосымшасына сәйкес тізілімнің веб-порталында рәсімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған электрондық нысанда:
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.
“Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама» (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» №075/е нысан бойынша анықтама және еркін нысанда жазылған өмірбаян қосымша ұсынылады.