Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 13 наурызында ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитетінің Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының прокуратурасы мен полициясының қызметкерлері бірлесіп, балық қорғау шараларын өткізді.

Облыс аумағындағы Майқапшағай – Омбы тас жолында олар Өскемен қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Газель» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексерді.

Тексеріс нәтижесінде автокөлік ішінен жолдама құжатсыз жалпы салмағы 1852 кг. балық табылды. Табылған 384 кг көксерке, 262 кг шортан, 508 кг мөңке және 698 кг табан балықтары тәркіленді.

Оқиға бойынша жиналған материалдар балықтың пайда болу жағдайын анықтау және процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.   

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика