«Бекіре-2014» балық қорғау акциясын жүргізу барысы жөнінде | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

«Бекіре-2014» балық қорғау акциясын жүргізу барысы жөнінде

Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында кең ауқымды «Бекіре-2014» балық қорғау акциясын өткізу жалғастырылуда.

«Бекіре-2014» акциясына тартылған мемлекеттік органдар өкілдерінің браконьерлікпен күресуге бағытталған бірлескен іс-қимылдарының, сондай-ақ су айдындарын құрылған аулардан тазарту бойынша күнделікті жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырық шашу орындарына сәтті өрістеуі бақыланып отыр.

Акция басталғаннан бергі уақытта еліміздің табиғатты қорғау заңнамасы 153 рет бұзылғаны анықталды, оның 35-і өрескел бұзушылыққа жатқызылады. 89 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 183 бабы бойынша 11 іс қозғалды.

Балық қорғау заңнамасын бұзушыларға жалпы сомасы 360 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Олардан жалпы салмағы 12 тонна 675 кг түрлі балық түрлері, 35 жүзу құралы және 155 аулау құралы тәркіленді.

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде «Ақжайық» резерваты аумағында Еркінқала кентінің (Атырау қаласы) тұрғындары мінген қайық тексеріліп, нәтижесінде жалпы салмағы 317 кг балық және заң талаптарына сай келмейтін 3 ау табылып, тәркіленді. Аталған азаматтардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 287 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Сонымен қатар, Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында бағалы балық түрлерін өсіру мақсатындағы мемлекеттік тапсырыс аясында балық аулау жүргізіліп отыр. Шабақтарын алып, кейіннен табиғи мекендеу ортасына жіберу үшін ауланған балықтар Жайық-Атырау бекіре балығын өсіру зауытына жеткізіліп отырады.

15 сәуір күні салмағы 230 кг қортпа балығы ауланды.

«Бекіре-2014» акциясының басынан жалпы салмағы 1112 кг құраған 33 бекіре тұқымдас балық (қортпа, шоқыр және бекіре) ауланды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика