Батыс Қазақстан облысында «Еуро 5» бензині өндіріледі | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Батыс Қазақстан облысында «Еуро 5» бензині өндіріледі

Телекөпір кезінде Елбасының қатысуымен іске қосылған 8 жобаның қатарында Батыс Қазақстан облысындағы мотор майы мен бензин өндіру кешені де бар. Жаңа нысанда экологиялық жағынан таза өнім саналатын «Еуро-5» жанармайы өндірілмек. Экокласты отын өндірісінің нәтижесінде өңірге сырттан тасылатын мұнай өнімдерінің көлемі азаймақ. 400 адам жұмыспен қамтылады. Бірінші кезеңде жылына 200 мың тонна жоғары октанды этилсіз «К-5» бензині өндіріледі. Ал екінші іске қосу кешені аясында экологиялық таза дизель отыны шығарылмақ. Екі жыл бұрын республикалық индустрияландыру картасына енген тың жобаның жалпы құны – 45 миллиард 300 миллион теңге. Аталған қаржының 60 пайызын Қазақстан даму банкі бөліп отыр. Қалғаны «Конденсат» компаниясының өз есебінен жүзеге асты. Сырым Қожантаев, кәсіпорынның ағымдық жоспарлау жөніндегі инженері: – Қазіргі таңда іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Барлық құрал-жабдықтар АҚШ және Франция мемлекеттерінен алдырылған болатын. Қазіргі таңда зауытымызда 400-ден астам адам жұмыс жасауда. Жаңа мамандарды даярлау үшін өзімізде оқу орталығын аштық. Жас мамандарды даярлау үшін шетелден мамандар алдырып оқыттық. Мемлекет басшысы аталған зауыттың маңызы зор екенін, осы арқылы жас мамандардың өмір сапасының арта түсуіне қолайлы мүмкіндік туатындығын атап өтті. Компания әркез кадрлардың біліктілігін көтеруге күш салатын болады және шетелден мамандар тартылмайды. Экокласты бензин шығаратын өндіріс ошағы Қарашығанақ мұнайгаз кенішінде салынып отыр. Қондырғыларының дені АҚШ пен Франция елінен әкелінген. Кешен жылына 200 мың тонна жоғары сапалы бензин өндіруге қауқарлы. Валерий Жүнісов, «Конденсат»компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы: – Кедендік одақ пен қазіргі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер 5 сыныпты бензинді қолдануға біржола көшті. Қазақстан бұған енді ғана кірісіп жатыр. Біздің міндетіміз – Батыс Қазақстан мен көршілес облыстарды сапа стандартына сай өніммен қамтамасыз ету. Қазірдің өзінде біз ресейлік өндірушілермен бәсекелестікке дайынбыз деп ойлаймын. Шығындардың өтелу мерзімі – 8 жыл. Осы арқылы Қарашығанақ кен орнында шикізатты терең өңдеу өндірісі өрістеп, сәйкесінше, дайын өнімді сыртқы нарықта саудалау көзделіп отыр. Импорт көлемі азайып, жоғары октанды бензин отынын өндіруге қол жеткізіледі. Бірегей жоба аясында келешекте вакуумды газ бен бутон шығару да жоспарда бар.

Источник:  www.24.kz 

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика