ҚазАқпарат – ҚР Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес құрылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
2.Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3.Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті ұйымдастыру және өзге де шараларды қабылдасын.
4.Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5.Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қаулының толық мәтінімен осы жерден таныса аласыз.