Баспасөз хабарламасы | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Баспасөз хабарламасы

img_34202016 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы энергетика министрі Қанат Бозымбаев Министрліктің ұжымына бірінші энергетика вице-министрі Махамбет Жолдасғалиұлы Досмұхамбетовты таныстырды.

Досмұхамбетов М.Ж. 1960 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысында дүниеге келген. 1983 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Геология және мұнай -газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген, 2016 жылы – Қазақ мемлекеттік заң университеті, іскери әкімшілік ету магистрі болған.

Еңбек қызметін 1983 жылы “Ембімұнай” ӨБ “Балықшы” барлама бұрғылау басқармасының геологы ретінде бастаған, 1986 жылы “Ембімұнай” ӨБ ОИТҚ “Балықшы” барлама бұрғылау басқармасының бас геологы болған.

1989 жылы «Эмбамұнай» ӨБ «Доссормұнай» мұнай-газ басқармасының геологиялық бөлімінің бастығы, кейінірек – «Мақатмұнай» мұнай-газ басқармасының бас геологы, кейін Атырау мұнай акционерлік қоғамы (АНАКО) бас геологы және Қырықмылтық өнеркәсібінің директоры болған.

2000 жылдан бастап «Қазақойл»ҰМК» мұнай-газ кен орындарын өңдеу және геология департаменті директоры лауазымын атқарған, сол жерде шикізат қоры және жер қойнауын қорғау департаменті директоры болған.

2002 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-та геология және өңдеу департаментінің директоры лауазымын атқарған, кейінірек қолданыстағы келісім-шарттарға мониторинг департаменті директорының орынбасары және кейін БК-да үлестерді басқару департаменті директорының орынбасары болған.

Әртүрлі жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да бас геолог, геология және геофизика бойынша бас директордың орынбасары, геология және өңдеу бойынша бас директордың орынбасары, бас директордың бірінші орынбасары – басқарма мүшесі болған.

Соңғы жылдары «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры (басқарма төрағасы), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ геология бойынша басқарушы директоры – бас геолог, ірі жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары және ірі операциялық емес активтер және теңіз жобалары бойынша Бас вице-президенті лауазымдарын атқарған.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

Дереккөз:  Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми ғаламтор ресурсы

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика