Дереккөз: www.24.kz
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігі оңтүстік антициклонның ықпалында болады.
Еліміздің солтүстігі мен шығысында,, ауа температурасы 20 градус аязды көрсетпек. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге, ал кей жерлерде 25 метрге дейін жетуі ықтимал. Еліміздің батыс аймағында сынап бағаны күндіз 2-7 градус суықты, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде 0-5 градусты көрсетеді.
Саида Бердібекова, «Қазгидромет» РМК лауазымды және инженер-синоптигі:
– Ертең Астанада күндіз қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытына ауысады. Жел екпіні секундына 9-14 метрге жетпек. Күндіз -6-8 градусты, түнде -15-17 градус аяз.