2017 жылдың 28 маусымында Астана қаласында «Қазақстандағы Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі туралы хаттамасын жүзеге асыру: ағымдағы жағдай және жүзеге асыру бойынша қажетті шаралар» семинары өтті.
Семинар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен ЮНИТАР бірлестігімен «Қазақстан Республикасы үшін таратуды және хабардар етуді арттыру, «Жойылуы қиын органикалық заттар (ЖҚОЗ) есептілігіне арналған құрал ретінде Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (ЛШТТ) жүзеге асыру бойынша жаһандық жоба» аясында өткізілді.
Семинарға 50 адам қатысты. Соның ішінде ҚР Энергетика министрлігінің, «ҚОҚАТО» ШЖҚ РМК-нің, «Қазгидромет» РМК-нің, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің және басқа да мемлекеттік органдардың, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы, өнеркәсіптік және жобалау ұйымдары, Орхусс орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Семинар аясында Қазақстандағы Ластауштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі туралы хаттаманы жүзеге асыру ерекшеліктері, ЛШТТ-нің негізгі фактілері ұсынылды. Талқылау барысында қатысушылар Қазақстанда ЛШТТ-нің қазіргі жағдайын бағалады. ЛШТТ жөніндегі хаттаманың талаптарын әр бап бойынша егжей-тегжейлі талдау, Қазақстандағы ЛШТТ-нің қолданыстағы тетіктерін нақтылауға мүмкіндік берді. Осыған сүйене отырып, қатысушылар Қазақстандағы ЛШТТ-ні дамыту жөнінде одан әрі шаралар қабылдау үшін ұсыныстар тұжырымдады. Бұл ұсыныстар одан әрі Қазақстанда ЛШТТ-ні жүзеге асыруды әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу кезінде, сондай-ақ ЛШТТ жөнінде ұлттық ұсыныстарды дайындау кезінде пайдаланатын болады.
Қатысушылар арасында сауалнама жүргізу арқылы ЛШТТ мәселелері туралы білім берудегі оқыту және білім қажеттіліктері бағаланды. Сауалнамаларды талдау жоба барысында әзірлеуге жоспарланған оқыту модульдері үшін қажетті тақырыптар мен мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді. Жобаның мақсатында мемлекеттік органдардың, өндірістік кәсіпорындардың, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының топтарың оқыту жоспарланып отыр. Оқыту семинарлары Астана, Павлодар және Ақтөбе қалаларында 2017 жылғы қараша айында және 2018 жылғы ақпан-наурыз айларында өткізіледі.