Ақмола облысында өсімдік ауруларымен күреске 260 млн теңге бөлінді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Ақмола облысында өсімдік ауруларымен күреске 260 млн теңге бөлінді

Дереккөз: www.24.kz

0b54c559e75613137ed059ccfef62cd2_l

Биыл Ақмола облысының шаруаларына өсімдік ауруларымен күресу үшін Үкіметтен 260 млн теңге қаржы бөлінді.

Бұл дәріленуі тиіс аймақтың 66%-ын құрайды. «Ал мұндай шаралардың маңызы осы жылы өте зор», – дейді мамандар. Себебі биылғыдай жаңбырлы жазда септориоз ауруы өрши түседі. Ал оның зардабынан алынатын өнімнің 40%-ға дейін кеміп кету қаупі бар. Осылайша ауруға шалдығуы мүмкін деген 900 мың гектар алқаптың 600 мыңға жуығына мемлекеттің көмегімен химиялық өңдеу жұмыстары тегін жүргізілді. Бұған 23 техника жұмылдырылған. Қалған алқаптарды шаруалар өз күштерімен дәрілейді. Жалпы биыл Ақмола облысының диқандары 4 млн гектардан астам жерге дән сепкен.

Аманжол Жанғожин, шаруа қожалығының бас агрономы:

– Үкімет бізге көмектеспесе, өзімізден шығын шығар еді. Біріншіден, дәрі-дәрмекке, жанармайға, техника – бәрін алғанда, өте көп ақшаға шығар еді. Үкіметке көптен-көп рақмет. Уақтылы істелді. Алла жазса, жақсы егін аламыз деп күтеміз.

Сұлтан Қасенов, ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекциясы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының басшысы:

– Былтыр 6% бөлініп отырса, биыл 66% бөлініп отыр. Бұл – Үкіметтің тарапынан үлкен көмек. Зиянкестерге де ақша бөлініп отыр. Қарапайым шаруалар мұны көтере алмайды. Ауру, дерт дегенді уақтылы тоқтатса болады. Әйтпесе іс насырға шауып кетсе, оны тоқтата алмайсыз. Онда зияны көп болады. Жоспарланған бидайымызды, өнімімізді ала алмаймыз.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика