Дереккөз: www.energo.gov.kz
2017 жылғы 7-8 қыркүйекте Бангкок қаласында Азия-Тынық мұхит аймағының қоршаған ортасы жөніндегі VII Министрлік конференциясы (MCED-7) өтті.
Қазақстандық делегацияға Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков басшылық етті.
Конференция шеңберінде Ғани Сәдібеков «Азия-Тынық мұхит аймағының ресурс тиімділігі және экологиялық қауіпсіздігі жолында» Министрлік диалогында сөз сөйледі. Қазақстандық делегацияның басшысы «Жасыл экономикаға» көшу бойынша Қазақстан Республикасының жетістіктері мен жоспарлары және «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы туралы айтты.
Бұдан басқа, Ғ. Сәдібековтің БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ЭСКАТО атқарушы директоры Шамшад Ахтармен, Корея Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Минхо Лимен, Бангладеш Қоршаған орта мен орман министрінің орынбасары Абдуллах Аль Ислам Жакобпен екі жақты кездесулері өтті.
Кездесулер барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы, атап айтқанда «жасыл экономика» және климаттың өзгеруі салаларындағы ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ «Болашақ энергиясы» жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту бойынша Халықаралық орталығын құру бойынша екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
ҚР ЭМ Баспасөз қызметі