VIII Орталық Азиялық Көшбасшылар Бағдарламасы «Жасыл экономиканы» насихаттау тақырыбына арналды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

VIII Орталық Азиялық Көшбасшылар Бағдарламасы «Жасыл экономиканы» насихаттау тақырыбына арналды

Дереккөз:www.energo.gov.kz

Алматы қаласында «жасыл» экономиканы ілгерілетудегі өңірлік ынтымақтастық рөліне және Орталық Азиядағы су, азық-түлік, энергия және экожүйесі арасындағы байланысының тәсілдері қарастырылған, 8-ші Орталық Азиялық Көшбасшылар Бағдарламасы (ОАКБ) өтті.

Негізгі мақсаты – «жасыл экономика», су мен энергия саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың тиімділігі мен артықшылықтарын көрсету және аталған салада Орталық Азия мен Ауғанстан көшбасшыларының әлеуетін дамыту.

Аталған іс-шараға халықаралық және өңірлік ұйымдардың мүшелері, экологиялық үздіктер мен жетекші сарапшылар қатысты.

ОАКБ Норвегия үкіметінің, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің және USAID-тің қолдауымен ЮНЕП-пен ынтымақтастықта Орталық Азиядағы өңірлік экологиялық орталық ұйымдастырды.

Сессиялар Орталық Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық контекстінде қоршаған орта мен тұрақты даму, жасыл өсім мен «жасыл» экономика бойынша ынтымақтастықтың жаһандық үдерістері мен платформаларына арналды.

ОАКБ қатысушылары Қазақстан Республикасында тұрақты дамудың мақсаттарын іске асыру және «жасыл экономиканы» ілгерілету, Киото хаттамасын орындау және ОА елдерінде экологиялық ақпаратты тарату мәселелеріне қызығушылық білдірді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика