Алматыда «18 миллион көшет» жобасы бойынша ағаш егу басталды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алматыда «18 миллион көшет» жобасы бойынша ағаш егу басталды

Дереккөз: www.24.kz

«Байтақ болашақ» экологиялық альянсы «18 миллион көшет» жобасы бойынша ағаш отырғызу маусымын ашты.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалында бірлестік өкілдері мәлімдеді.

Сарапшылардың айтуынша, наурыз айынан бері Қазақстанда 830 мың жас ағаш отырғызылған. Экологиялық альянс шараға еріктілерді тарту мақсатында «Жастар қанатын» құрыпты. Енді «Байтақ болашақ» еліміздің мектептері және жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздейді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде жастарды аталған жобаны қолдауға шақыратын Challenge жүйесі іске қосылды.

«Байтақ болашақ» экологиялық альянсы 2016 жылы құрылған. Азаматхан Әміртаев, «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының төрағасы: 

– Он сегіз миллион тал отырғызу үшін 90 миллиард теңге қаражат керек екен. Бізге бірінші криптовалюта жасау идеясы келді. «Бір тал» деген криптовалютаны бүгін жасадық. Біз соны халықаралық криптобиржасына қоюымыз керек. Бүгінгі күні криптовалютамызды іске қостық. Ол техникалық тұрғыда жұмыс істеп тұр. Осы арқылы біз халықтан, әлемнен қаражат жинасақ деген ойымыз бар.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика