Серікқали Брекешев ЕҚҚДБ Тұрақты инфрақұрылым тобының Басқарушы директоры Нандита Паршадпен кездесті | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Серікқали Брекешев ЕҚҚДБ Тұрақты инфрақұрылым тобының Басқарушы директоры Нандита Паршадпен кездесті

Биылғы жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешевтің Еуропалық қайта құру және даму банкінің тұрақты инфрақұрылым тобының Басқарушы директоры Нандита Паршадпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында биылғы жылдың қараша айында Глазго қаласында өтетін климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Негіздемелік конвенциясы Тараптар конференциясының 26-шы сессиясына (ТК-26) Қазақстанның қатысуына дайындық мәселелері талқыланды.

Тараптар Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Доктринасының жобасын іске асыру жөніндегі жоспарларын талқылады, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын азайту шаралары ретінде шығарындылар саудасы жүйесін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Министр С.Брекешев Еуропалық қайта құру және даму банкін Арал теңізінің құрғаған түбінде сексеуіл егу процесіне қатысуға шақырды.

Еуропалық қайта құру және даму банкі қатты тұрмыстық қалдықтар бойынша пилоттық жобаны іске асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша министрлік пен Еуропалық қайта құру және даму банкі өкілдерінің қатысуымен «Қазсушар» РМК-ның корпоративтік дамуын әзірлеу жөніндегі жобаны ары қарай іске асыру, сондай-ақ оның алғашқы отырысын жақын арада өткізу жөнінде жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика