«Жасыл офис» Республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

«Жасыл офис» Республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды

Бүгін «Жасыл офис» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Оған ел экономикасына тың серпін беретін қазақстандық 100 кәсіпорын қатысты. Жүзден жүйрік деп танылған 30 көшбасшы компания «жасыл кеңсе» мәртебесіне лайықты деп танылды.

Конкурсқа өнеркәсіптік кәсіпорындар, шағын және орта бизнес, білім беру, денсаулық сақтау және сервистік қызмет көрсететін мекемелері қатысты.

Қатысушы кәсіпорындар қызметкерлері үшін салауатты еңбек жағдайын жасау, ресурстарды үнемдеудің заманауи тәсілдерін қолдану, қалдықтарды сұрыптау және өңдеу критериалары бойынша бағаланды.

Салтанатты шараға қатысқан Экология министрлігінің экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры Акзан Ширанов конкурстың маңыздылығын атап өтті.

«Бұл конкурс пен іс-шара біздің тұрақты серіктесіміз Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының бастамасымен ұйымдастырылды. Коалиция Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асырудағы қоғамдық провайдер ретінде танылған, сонымен қатар экология саласындағы озық реформаларды жүзеге асыру мақсатында еліміздің азаматтарын белсенді түрде жұмылдыруда»-, деді Акзан Ширанов.

Айта кетсек, іс-шара отандық компанияларға өзінің экологиялық саясаты мен энергия үнемдеу тәжірибесін қалыптастыруға көмектесуге бағытталған. Конкурс 2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен өткізіліп келеді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика