Ақмола облысында астық кептіру кешендері көбейіп келеді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Ақмола облысында астық кептіру кешендері көбейіп келеді

Дереккөз: www.24.kz

Ақмола облысында шамасы жеткен шаруалардың барлығы жаппай астық кептіру кешендерін салып жатыр.

Бұл ең алдымен диқандарды өзгеге тәуелді болудан арылтып, қаржысын үнемдеп, астығын дер кезінде қамбаға құйып алуына мүмкіндік береді. Мәселен, Сандықтау ауданының Каменка ауылындағы серіктестік жақында ғана осындай астық кептіру кешенін тұрғызды. Жыл сайын 20 мың гектар жерге дән себетін олар биыл мол өнім жинады. Енді бидайды сақтайтын 4 бірдей қойма да салмақ. Осылайша ұжым өздеріне ғана емес, көрші шағын шаруашылықтарға да қызмет көрсете алады. Ал ең бастысы, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, астықты жинап, оны қажетінше кептіріп ала береді. Жалпы Ақмола облысында қазір ірілі-ұсақты 229 астық кептіргіш бар.

Алексей Джейранов, серіктестік басшысы:

– Бұл кешен сағатына 60 тонна астықты кептіре алады. Мұндай өнімділігі жоғары қондырғыны қойған себебіміз, маңайдағы ұсақ шаруашылықтарға да жақын жерден жеңіл болсын дедік. Былтыр біз астықты кептіртіп алу үшін 97 млн теңгеге шығындалдық. Ал мына кешен 72 млн теңге тұрады. Бір жақсысы, жұртқа жалынбайсың.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика