Алматы облысында ауыл шаруашылығы кооперативтері көбейіп келеді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алматы облысында ауыл шаруашылығы кооперативтері көбейіп келеді

Дереккөз: www.24.kz

Ал Алматы облысының шаруалары кооперативтер құру бағдарламасына белсенді қатысуда.

Жетісу жерінде биыл 111 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылуы керек болған. Алайда өткен 10 айда бұл көрсеткіш 138-ге жетіпті. Осылайша ұсақ шаруашылықтар бірігіп, іріленіп жатыр. Олар негізінен мал бордақылаумен ет, сүт, жүн өңдеумен және бау-бақша өсірумен айналысады. Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері аймақтарды аралап, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Кооперативтердің нормативтік-құқықтық базасын жетік білу арқылы ұжымдардың заңдық сауаты артады. Сол арқылы мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерді де дер кезінде ала алатын болады», – дейді мамандар.

Ерлан Ілиясов, ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы кооперациясы департаментінің басқарма басшысы:

– Көптеген субсидиялар бар. Субсидиялар кооперативтерге арнайы техника мен құрал-жабдықтарды сатып алуға бағытталған. Субсидияның 50 пайызы пайдаланылды. Және кооператив өндірген өнімдерге де субсидия бар. Олардың ішіне ет пен сүттен және жүннен жасалған өнімдер жатады.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика