«Халықаралық тәжірибе және Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерін жүзеге асырудың ағымдағы қазақстандық тәжірибе» | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

«Халықаралық тәжірибе және Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерін жүзеге асырудың ағымдағы қазақстандық тәжірибе»

2017 жылдың 2 қарашасында Павлодар қаласында «Халықаралық тәжірибе және Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерін жүзеге асырудың ағымдағы қазақстандық тәжірибе» тақырыбында семинар болып өтті. Ұйымдастырушысы болып «Орнықты дамуға жәрдемдесу» орталығы шықты.

Семинар «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК мен ЮНИТАР «Жойылуы қиын органикалық заттар (ЖҚОЗ) есептілігіне арналған құрал ретінде Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (ЛШТТ) жүзеге асыру бойынша жаһандық жоба» бірлескен жобасы шеңберінде жүзеге асырылды.

Семинардың жұмысына 45-тен астам адам қатысты. Сонымен қатар семинарға Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің, Экология департаментінің, Статистика департаментінің, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және Павлодар облысы бойынша  басқа де мелекеттік органдардың, сонымен қатар тау-кен өндіру, энергетика, мұнай өңдеу, металлургия, химия саласы кәсіпорындарының, экологиялық жобалау ұйымдары мен зертханалардың, Павлодар Охус орталығының және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинардың басты міндеті ЛШТТ мәселесі бойынша Павлодар облысының мамандарының әлеуетін арттыру және Қазақстандағы ЛШТТ енгізуді әдістемелік қамтамасыз етудің әзірлемесі үшін ұсыныстарды қалыптастыру болып табылады.

Семинарда ЛШТТ хаттамасының негізгі ережелері және оның жүзеге асырудағы халықаралық тәжірибе, Қазақстанда ЛШТТ енгізу бойынша шолу, ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерінің  атмосфералық ауа, ағынды сулар, топырақ (өндіріс және тұтыну қалдықтарынан) бойынша ағымдағы жағдайын бағалауды қарастырылды.

Семинарға қатысушылар ауа, су және топырақ  эмиссиялары бойынша есептілік үшін ластауыш заттар тізбесін талқылауда белсенділік танытты.

Семинар ЛШТТ мәселелері бойынша мамандардың әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға және Қазақстанда ЛШТТ ендірудің әдістемелігін қамтамасыз етудің әзірлемесіне біршама тиімді ұсыныстарды қалыптастыруға мүмкіндік берді.

 

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика