ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы қарашаның 15-нен 17-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинарын өткізді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы қарашаның 15-нен 17-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинарын өткізді

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС,  «Алюминий Казахстана» АҚ,  «Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» ҚҚ, «Green Jaik» Орал-Орхусс орталығы,  Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,  «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару;
  • Табиғат пайдаланушыға берілетін негізгі экологиялық талаптар;
  • Қалдықтарды басқару саласындағы заңнама;
  • Қалдықтарды орналастыру бөлігінде эмиссияларға рұқсат алу қажеттілігі;
  • Жобалық құжат құрамындағы ҚОӘБ жобаларын және қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу;
  • Қауіпті қалдықтар бойынша сақтандыру және т.б.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті  директорының орынбасары;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Каратаева Динара Ахметовна –  ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Асанова Жанар Талгаровна – «Жасыл даму» АҚ Қалдықтарды басқару департаментінің директоры;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД директоры;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика