Каспийді қорғау шаралары күшейеді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Каспийді қорғау шаралары күшейеді

Дереккөз: www.24.kz

044298cc61cf07d739b32f1c0958d031_l

Қазіргі уақытта Каспий теңізінің қазақстандық секторында (КТҚС) ҚР жалауын тіккен 300-ден астам кеме жүзеді

12 кеме халықаралық тасымалдауларды іске асырса, қалғандары мұнай-кен орындарын игеру операцияларына атсалысады. Бұдан бөлек, күнделікті қазақстандық порттарға Каспий жағалауындағы мемлекеттердің ондаған кемелері кіреді. КТҚС-ындағы кемелердің пайдалану қарқындылығы, тасымалданатын мұнай мен жанармайдың көлемдері суды ластау қаупін туғызады. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ҚР ИДМ Көлік комитеті теңізді қорғауға қатысты нормативтік-құқықтық базаны кеңейту жұмыстарын бастады.

Осылайша, 2001 жылдың Бункерлік жанармайдың ластауынан келетін зиян үшін азаматтық жауапкершілік жөніндегі Халықаралық конвенцияны және мұнаймен ластаудан келтірілген зиян үшін азаматтық жауапкершілік туралы халықаралық конвенцияны өзгерту жөніндегі 1992 жылғы хаттаманы ратификациялау жоспарланған.

Қазір заңнамада кеме иесінің жауапкершілігі тек қана жүк ретінде тасымалданатын мұнаймен ластау кезіндегі келтірілетін зиян үшін ғана қарастырылған. Бірақ бункерлік жанармай да сондай қатер төндіреді. Конвенцияны ратификациялау теңізді жанармаймен ластаған кезде кеме иесінің жауапкершілігін белгілеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ластау қатерінен міндетті сақтандыруға талаптары қарастырылып, бункерлік жанармайдың төгілуінен зиян шеккен тұлғаларға өтемақы механизмі белгіленетін болады. Қазіргі уақытта Конвенцияға 75 ел мүше.

Аталған Хаттаманы ратификациялау танкермен тасымалдау кезінде мұнаймен ластау кезінде келтірілген зиян үшін кеме иесінің жауапкершілігі бойынша тәртіп өзектілігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы тәрізді тәртіп 133 мемлекетте қолданылады.

Сонымен бірге ластау қатерінен міндетті сақтандыруға кеме иесінің жауапкершілігін 20 млн-нан 126 млн долларға дейін арттыру көзделген; мұнаймен ластаудан келтірілген зиян үшін төлемақы мөлшері кеменің су сыйымдылығына байланысты болады; азаматтық жауапкершілікті қолдану аумағы айрықша экономикалық зонаға дейін кеңейтіледі. Сонымен бірге осы атап өткен құжаттарды ратификациялаумен қатар, Комитетпен ұлттық заңнамаға көлікке қарасты сұрақтар бойынша өзгерістерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» ҚР заңында Кемелердің ластауын болдырмау ережелерін бекітуге қатысты ҚР ИДМ құзыреті қарастырылған.

Сонымен бірге 2017 жылы лаңкестік әрекеттен кемелер мен порт инфрақұрылымын қорғау бойынша шаралар күшейтілген. Порттарды қорғау бойынша тұрақты бағалау қажеттілігі жөнінде талаптар белгіленген. Одан басқа әрбір портта және әрбір кемеде шабуыл кезінде шұғыл әрекет жасау үшін арнайы жоспар болу қажет.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика