Семейдің бұрынғы ядролық полигоны аумағында жабайы жануарлар көбейіп келеді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Семейдің бұрынғы ядролық полигоны аумағында жабайы жануарлар көбейіп келеді

Дереккөз: www.24.kz

10ef051362f987c4ecf3f5e5e36845c9_l

Семейдің бұрынғы ядролық сынақ алаңы аумағында жануарлар көбейіп келеді.

Бұған дейін Дегелең тауында 60 жыл бұрын жоғалып кеткен арқарлардың пайда болғаны жөнінде хабарлағанбыз. Енді міне киіктер мен еліктер де еркін жайылып жүр. Бұл туралы Ұлттық ядролық орталық мамандары мәлімдеп отыр. Жануарларды полигон аумағына орнатылған «фототұзақ» түсіріп алған. Олардың нақты саны әзірге белгісіз.

Сергей Лукашенко, ҚР ҰЯО радиациялық қауіпсіздік және экология институтының жетекшісі: 

– Біз бұрынғы полигон аумағында түлкі, борсық, бұғы сияқты аңдарды жиі көріп тұрамыз. Арқарлар негізінен тауда жайылса, қалғандары кең даланы кезіп жүре береді. Қалай болғанда да кешегі жойқын жарылыстар мекеніне жануарлар келіп жатқаны – жақсылықтың нышаны.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика