Атырау облысында арпа дәнінен мал азығын дайындайтын кешен іске қосылды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Атырау облысында арпа дәнінен мал азығын дайындайтын кешен іске қосылды

Дереккөз: www.24.kz

cbd560ede41245bd536b413d100370b5_l

Атырау облысында тәулігіне 10 тонна құнарлы көк балауса өсіретін гидропоникалық кешен іске қосылды.

Арпа дәнінен мал азығын дайындайтын кешен испандық технологияның көмегімен күніне 720 бас ірі қараға азық дайындай алады.

Экологиялық тұрғыдан таза өнімнің арқасында шаруашылық сүттің шығымдылығын 28 пайызға дейін арттырады. Мұнайлы өңірдің сүт өнімдеріне деген сұранысын толық қанағаттандырып отырған тауарлы-сүт фермасы еуропалық технологияны шаруашылыққа енгізген болатын. Қазір игілігін көріп отыр. «Мал азығының 70 пайызын сырттан тасымалдайтын мұнайлы өңір үшін жаңа кешеннің пайдасы мол», – дейді мамандар.

Есболат Есқариев, шаруашылық жетекшісі:

– Шығыны өте аз. Мұның азықтық құнары жоғары, сосын аз кісі жұмыс жасайды. Біздің Атырау облысына өте керек зат. Егілу технологиясы  бір күн суға саламыз. Екінші күні бөрткенін күтеміз де, үшінші күннен бастап егеміз. 6 күнде өсіп шығады. Бір тақтаның салмағы – 14 келі.  Сол 14 келінің әр сауын сиырға бір-бірден беріп отырамыз.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика