«Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық талдау орталығы» РМК жанындағы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында қайта даярлау және біліктілікті жетілдіру орталығымен 2015 жылы 16 тақырып бойынша мамандандырылған оқыту семинарлары өткізілді:
- «Парниктік газдарды түгендеу. Экологиялық кодекс аясында Киот хаттамасын асыру тетігі» 2015 жылдың 29 мен 30 қаңтары;
- «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» 2015 жылдың 23 мен 25 ақпаны;
- «Өндіріс және пайдалану қалдықтарын басқару» 2015 жылдың 26 мен 27 ақпаны;
- «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу» 2015 жылдың 20 мен 22 сәуірі;
- «Потенциалды қауіпті химиялық заттарды өндіру және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар» 2015 жылдың 23 мен 24 сәуірі;
- «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» 2015 жылдың 25 мен 27 мамыры;
- «Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық нормалау және жобалау» 2015 жылдың 28 мен 29 мамыры;
- «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау» 2015 жылдың 22 мен 23 маусымы;
- «Экологиялық аудит» 2015 жылдың 24 мен 25 маусымы;
- «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» 2015 жылдың 27 мен 29 шілдесі;
- «Табиғатты пайдалану саласындағы «жасыл» экономика» 2015 жылдың 30 мен 31 шілдесі;
- «Экологиялық аудит» 2015 жылдың 21 мен 23 қыркүйегі;
- «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» 2015 жылдың 28 мен 30 қыркүйегі;
- «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» 2015 жылдың 26 мен 28 қазаны;
- «Экологиялық аудит» 2015 жылдың 23 мен 25 қарашасы;
- «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» 2015 жылдың 2 мен 4 желтоқсаны.
Барлығы 178 маман оқытылды, оның ішінде:
табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 60 адам;
мемлекеттік қызметкерлер – 32 адам;
ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері, ЖОО-ның мұғалімдері – 80 адам;
«ҚОҚ АТО» РМК қызметкерлері – 6 адам.
Семинарларда қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында тәуелсіз сарапшылар, ҚР Энергетика министрлігі мен басқа да ведомстволардың қызметкерлері дәріс оқыды.
Оқыту семинарларының қатысушылары келесі тарату материалдарымен қамтамасыз етілді: соңғы өзгертулермен және толықтырулармен «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі», электронды тасымалдаушыда қоршаған ортаны қорғау саласындағы «Eсo-info» құқықтық базасы (CD-дискі, 700-ден астам құжат).
Білімдерді қорытынды бағалау нәтижелері негізінде тыңдаушыларға Энергетика вице-министрінің қолымен ведоствалық үлгідегі куәлік берілді.