Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы оқыту семинарлары | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы оқыту семинарлары

 «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық талдау орталығы» РМК жанындағы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында қайта даярлау және біліктілікті жетілдіру орталығымен 2015 жылы 16 тақырып бойынша мамандандырылған оқыту семинарлары өткізілді:

  • «Парниктік газдарды түгендеу. Экологиялық кодекс аясында Киот хаттамасын асыру тетігі» 2015 жылдың 29 мен 30 қаңтары;
  • «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» 2015 жылдың 23 мен 25 ақпаны;
  • «Өндіріс және пайдалану қалдықтарын басқару» 2015 жылдың 26 мен 27 ақпаны;
  • «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу» 2015 жылдың 20 мен 22 сәуірі;
  • «Потенциалды қауіпті химиялық заттарды өндіру және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар» 2015 жылдың 23 мен 24 сәуірі;
  • «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» 2015 жылдың 25 мен 27 мамыры;
  • «Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық нормалау және жобалау» 2015 жылдың 28 мен 29 мамыры;
  • «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау» 2015 жылдың 22 мен 23 маусымы;
  • «Экологиялық аудит» 2015 жылдың 24 мен 25 маусымы;
  • «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» 2015 жылдың 27 мен 29 шілдесі;
  • «Табиғатты пайдалану саласындағы «жасыл» экономика» 2015 жылдың 30 мен 31 шілдесі;
  • «Экологиялық аудит» 2015 жылдың 21 мен 23 қыркүйегі;
  • «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» 2015 жылдың 28 мен 30 қыркүйегі;
  • «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» 2015 жылдың 26 мен 28 қазаны;
  • «Экологиялық аудит» 2015 жылдың 23 мен 25 қарашасы;
  • «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» 2015 жылдың 2 мен 4 желтоқсаны.

Барлығы 178 маман оқытылды, оның ішінде:

табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 60 адам;

мемлекеттік қызметкерлер – 32 адам;

ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері, ЖОО-ның мұғалімдері – 80 адам;

«ҚОҚ АТО» РМК қызметкерлері – 6 адам.

Семинарларда қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында тәуелсіз сарапшылар, ҚР Энергетика министрлігі мен басқа да ведомстволардың қызметкерлері дәріс оқыды.

Оқыту семинарларының қатысушылары келесі тарату материалдарымен қамтамасыз етілді: соңғы өзгертулермен және толықтырулармен «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі», электронды тасымалдаушыда қоршаған ортаны қорғау саласындағы «Eсo-info» құқықтық базасы (CD-дискі, 700-ден астам құжат).

Білімдерді қорытынды бағалау нәтижелері негізінде тыңдаушыларға Энергетика вице-министрінің қолымен ведоствалық үлгідегі куәлік берілді.

2016 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында семинарлар өткізу жоспары

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика