ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылдың 19 маусымында сағат 15-00-де Энергетика министрі  Қ.А. Бозымбаевтың халыққа есеп беру кездесуі Астана қ., Д. Қонаев даңғылы, 4 – «Қазмедиа орталығы» ғимаратының Киноконцерттік залында өтеді. Кездесу «Хабар 24» телеарнасында тікелей режим арқылы және «Bnews.kz» ақпараттық порталында онлайн-трансляция режимінде таратылады. Өңірлердегі тұрғындар үшін кездесуге тікелей қосылу арқылы Энергетика министрінің есебін облыстардың және Алматы қаласы әкімдіктерінің ғимаратында тыңдауға болады. Тұрғындар кездесуге қатысу үшін тиісті облыстың және Алматы қаласының әкімдіктеріне жүгіне алады. Отын-энергетикалық кешенді дамыту тұтынушыларды электр энергиясымен, көмірмен қамтамасыз ету, энергиямен жабдықтау сапасын, әрі қарай газдандыру, мұнай өнімдерінің, сұйытылған мұнай газдың нарығын дамыту, экология және қоршаған орта сапасының мәселелерін қамтиды. Кездесу барысында белсенді қатысуға және Энергетика министріне жеке сұрақтарыңызды қоюға мүмкіндік беріледі. Сұрақ қою және оған жауабын алу үшін онлайн режимде Энергетика министрлігінің ресми сайтында «Энергетика министрінің халыққа есеп беру кездесуі форумы» (http://www.energo.gov.kz) және «электрондық үкіметтің» веб-порталы (http://egov.kzіске қосылды.

Толық ақпарат алу және ұсыныстарыңызды беру үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз: 8(7172) 786862, 786958, 786884, 786887, 786886 немесе электрондық мекенжайға: a.atantaeva@energo.gov.kzu.akhmetova@energo.gov.kze.ermekuly@energo.gov.kz .

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика