#Birge #TazaQazaqstan: Мәжілісмендер 7 тоннаға жуық қоқыс жинады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

#Birge #TazaQazaqstan: Мәжілісмендер 7 тоннаға жуық қоқыс жинады

Дереккөз: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаттары бүгін Нұр-Сұлтан қаласының маңында өткен #Birge #TazaQazaqstan экочелленджіне қатысты, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Мәжілістегі барлық саяси партиялардың парламенттік фракциялары «Nur Otan», «Ақ жол», «ҚКХП», Қазақстан халқы Ассамблеясы, сондай-ақ Мәжіліс аппараттарының қызметкерлері мен еріктілер Қосшы ауылының жанындағы Нұра өзенінің жағасын қоқыстардан тазартты.

Пластикалық және шыны бөтелкелер, құрылыс және бірнеше жылдан бері жиналған тұрмыстық қалдықтар әртүрлі контейнерлерде жиналып, әрі қарай өңдеу мен жоюға шығарылды.

«Мәжіліс депутаттары Birge Taza Qazaqstan акциясын қолдайды. Мұндай акциялардың қажет екені сөзсіз. Осы орайда, табиғатты сақтаудың ең бастысы оны ластамау. Біз алдағы сессияда қоршаған ортаны ластағаны үшін жазаны қатайту бойынша жұмыс істейтін боламыз. Әсіресе, қазір Үкіметпен бірге біз жаңа Экологиялық кодексті әзірлеу үстіндеміз. Бұл мәселелердің бәрі сол жерде ескеріледі деп ойлаймын, – деді Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский.

Экологиялық акцияға барлығы 1500 адам қатысып, 7 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика