Ақпарат көзі – www.inform.kz
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Қазан айында Алматыда 250 мың ағаш отырғызылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» теларнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматылықтардың сұрақтарына жауап берген шаһар басшысы қыркүйек айының соңы мен қазан айының басында мегополисте 250 мың ағаш отырғызылатынын айтты.
«Жалпы қалада 2млн астам ағаш бар. Осының тек 179 мыңы ғана Алатау ауданында екен. Осыны ескере отырып Алатау ауданына жасыл желекті отырғызуды жоспарлап отырмыз. Яғни, 250 мың ағашттың 170 мыңы Алатау ауданының аумағына отырғызылады»,– деді Бақытжан Сағынтаев.
Сонымен қатар, ол Алатау ауданыныда жаңа демалыс орындары мен скверлер ашылатынын айтты.