red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Экология министрі Түркістан облысында су тасқынынан кейін атқарылып жатқан жұмастармен танысты

Дереккөз – www.inform.kz

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Сапар аясында министр Садоба су қоймасындағы апаттан кейін аймақтағы нысандарды қалыпқа келтіру және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

«Өңірде суармалы жерлердің көлемін арттыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта жалпы ұзындығы 736 шақырым болатын 122 каналды жөндеу және қайта салу сынды ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 1500-ден адам жұмылдырылған. Тағы мыңнан астам қосымша жұмыс орындары ашылады», деп жазды министр өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Атап өтсек, бұл ауыл-шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді сумен қамтуға арналған стратегиялық маңызға ие жұмыстар. Оның толыққанды жүзеге асырылуы облыстағы ауыл-шаруашылығы өнімдері көлемінің артуына жол ашпақ. Ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ мемлекет жекелеген көкөніс түрлері бойынша импортқа тәуелділіктен арылады.

Каспий теңізі туралы фильм Discovery Channel арнасынан көрсетілмек

Источник – www.inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Discovery Channel телеарнасынан Каспий теңізі туралы документалды фильм көрсетіледі.

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сіздер бұл туындыда Каспий теңізі мен еліміздің жабайы аңдарының сұлулығына қанығасыздар. Туындада Каспий итбалығы мен ақбөкен көрсетілген»,-деп жазды Сәкен Ділдахмет.

Фильм негізінен Қазақстан аумағында түсірілген.

Астанада пластик, қағаз және шыны қалдықтарын жинауға арналған торлы контейнерлер орнатылды

Дереккөз – www.astana.gov.kz

Қазіргі уақытта осындай он бокс қойылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жаңа контейнерлер Нұр-Сұлтандағы аула алаңдарына орнатылды. Олар қайта өңдеуге жарайтын пластик, шыны, қағаз сияқты қалдықтарды жинауға арналған, деді Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы Алмаз Рысалиев.

«Олар толықтай жанбайтын металлдан жасалған. Кішігірім қоқысты тастауға болатын арнайы қақпағы бар. Ар тор арқылы оның ішіндегі қалдықтарды көруге болады. Сыртында пластик, қағаз, шыны мен металл тастауға болатыны жазылған», – деді А.Рысалиев.

Аталған жоба пилоттық болып табылады. Сары түсті контейнерлерді өртеп, сондай-ақ қоқысты сұрыптап тастамағаны үшін өртке төзімді торлы контейнерге көшу туралы шешім қабылданды. Елорда аумағында қазір 6 мыңнан астам сары контейнер орнатылды. Еске сала кетейік, астанада қатты тұрмыстық қалдықты сұрыптап жинауды ұйымдастыру жобасы 2018 жылдың маусым айында басталды. Сары контейнерлер құрқақ қалдықты, яғни металл, пластик, қағаз бен шыныны салуға көзделген. Ал жасыл түсті және цинктелген контейнерлерге тамақ және органикалық қалдықтарды салу керек.

Атырауда «Жасыл ел» еңбек жасағына 1000 жас тартылады

Дереккөз – www.inform.kz

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда «Жасыл ел» еңбек жасағына 1000 жас тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Атырау облысында 10 шілдеде «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы басталады. Облыста биылғы еңбек маусымында мың жасты жұмыспен қамту көзделіп отыр. Оның ішінде 300 жас Атырау қаласының аумағында, ал, әр ауданда 100 сарбаз жұмыс істейді.

«Жасыл ел» жастар жасағының жетекшісі Абылай Құрметұлының айтуынша, бүгінде аймақтың табиғатын қорғап, көркейту үшін 700-ге жуық адам өтініш білдіріп үлгерген.

«Жаңа маусымға тіркеу онлайн режимде жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта өтініш білдіруші 671 адам бар. Бірақ, олардың бәрі бірдей жарамды деген сөз емес. Тіркелушілердің құжаттары қосымша тексеріледі. Атап айтар болсақ, жеке куәлік, Kaspi Gold 20 саны, 18 жасқа толмаса ата-анасының рұқсат қағазы керек. Барлық сарбаздар қолғаппен, маскамен қамтамасыз етіледі. Олар арақашықтықты сақтап жұмыс істейтін болады», – дейді Абылай Құрметұлы.

Жоба аясында биыл да әдеттегідей барлық ауданда және Атырау қаласында ай сайын #TrushtagAtyrau акциясы ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, облыс жастары арасында экологиялық мәдениет пен ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған кемінде 10 іс-шараны өткізу жоспарланған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 1,1 мыңнан астам ЖОО түлегі жастар тәжірибесіне жіберілгелі отыр.

Нұр-Сұлтандағы жасыл белдеу қала климатына қалай әсер етті

Дереккөз – www.inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда жасыл белдеуінің жалпы ауданы – 14 827 гектар, онда 11 502,2 гектар жерге 9,6 млн-нан астам ағаш (қайың, шегіргүл, терек, үйеңкі, қарағай) пен 1,8 млн-ға жуық бұта (қарақат, дерен, үшқат, мойыл) отырғызылған. Негізінен ағаштардың жапырақты тұқымы 98,2% болса, қылқан жапырақты ағаштың үлесі небәрі – 1,8%, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қолайсыз климаттық жағдайды жақсартып, қала халқының жайлы өмірі мен демалысына жағдай туғызу мақсатында 1996 жылы «Астананың жасыл белдеуін» құру мәселесі қолға алынды. Оған ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев бастамашы болды.

Негізгі жұмыс 1997 жылы басталып, екі кезеңге бөлінді.

Екінші кезеңде, яғни 2012-2020 жылдар аралығында жасыл белдеудің жалпы аумағындағы 8127 гектар алқаптың 2 594,9 гектарына 3 174 342 дана ағаш көшеті отырғызылды. Оның 40,7%-ы қылқан жапырақты (шырша, қарағай, балқарағай, арша), 59,3%-ы жапырақты (емен, шегіршін, шыбын, шаған, үйеңкі, қарақат) болса, 636,6 гектар жерге көпжылдық түйнек, эспарцет, жоңышқа, т.б. егілді.

«Жасыл белдеуде орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі міндеті – орман экожүйесінің тепе-теңдігін сақтап, халықтың жаппай демалуы үшін қолайлы рекреациялық жағдай жасау. Бұл міндетті шешу үшін қала әкімдігінің бастамасымен 2011-2016 жылдары елорданың жасыл белдеуінің оңтүстік-батыс бөлігі аумағында ұзындығы 25 658 метр асфальтты төсемі бар веложол мен велосипедшілердің демалуына арналған 11 самалжай салынды. Бұл жолдармен жүрген кезде табиғаттың тылсым күшін сезініп, саңырауқұлақтар мен жидектер жинап, түрлі ағаштар мен бұталарды қызықтауға болады. Алаңсыз демалуға арналған жер – таза ауа мен табиғат дыбыстары үндескен керемет орын. Сондықтан Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуінде орналасқан веложол елордалықтар мен қала қонақтары үшін таптырмас демалыс орыны болары сөзсіз», – дейді «Астана орманы» мамандары.

Қазіргі уақытта қала әкімдігі осы нысанды одан әрі дамытып, екі жалға беру пунктін, жаяу жүргіншілер жолын (2 км), кросс кантри (6 км), «Қарқаралы» тас жолы жағынан веложолдың қосымша шағын шеңберін, әртүрлі спорт алаңдары мен балалардың ойын алаңдарын салу жұмыстарымен айналысып жатыр. Сонымен қатар қалалық Ипподром ауданындағы жасыл белдеу орамдары мен сафари паркі аумағында және «Әуежай бірінші кезек» учаскесінің №82, №84, №85 орамдары аумағында (локатор ауданы) атпен серуендеу үшін ұзындығы 11 500 метр жол салу жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, жасыл белдеу арқасында Нұр-Сұлтан қаласының ауа температурасы жылына бастаған.

«Бір жағынан, елорданың климаты жаһандық процестер әсерінен өзгеріп отырады, екінші жағынан жылдам дамып келе жатқан қала мен оның айналасындағы жасыл белдеу жергілікті климатты өзгертеді. Желдің орташа жылдамдығы біртіндеп төмендеп келеді. Орман алқаптары қар тоқтату қызметін де атқарады. Бұл қыс мезгілінде боран мен боран күшінің төмендеуіне әсер етеді. Орман топырағына байланысты шаңды дауыл да бәсеңдей бастады. Мәселен, 1998 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда соңғы жылдары шаңды дауылдың қайталануы 3 есе, боран 1,5 есе және тұман 35-тен 21 жағдайға дейін қысқарды. Бұл ретте елорда аумағында жауын-шашынның жылдық мөлшері біртіндеп ұлғайып, жаңбырсыз кезеңдердің ұзақтығы да азаюда. Бұл өзгерістер Нұр-Сұлтан қаласының климаты мен оның тұрғындары үшін жайлы әрі қолайлы екені анық», – дейді «Астана орманы» ЖШС өкілдері.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы орман алқабын құру жөніндегі барлық іс-шаралар көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласын көгалдандыруға арналған техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуде.

Жұмыс жобасы 2021 жылы аяқталып, 2022 жылдан бастап іске асыру жоспарланған.

Жағалау күзеті торға байланған китті құтқарды

Дереккөз – www.24.kz

Италияда жағалау күзетшісі китті құтқарды. Жануарлар итальяндық Липари аралының маңында балық аулау торларына оралды. Олар заңсыз орнатылды.

Сперматозоидты киттегі биологтар байқады. Олар жақын жерде тасбақаларды құтқару орталығында жұмыс істейді. Ғалымдар бұл оқиғаны жағалау күзетіне хабарлады және олар оқиға орнына сүңгуірлерді жіберді.

Пышақтар мен нипперлердің көмегімен сүңгуірлер китті босата алды. Тұтқынның өзі тыныш болды, бұл құтқарушыларға өз жұмыстарын орындауға мүмкіндік берді. Сперматозоидтан жарақат алмағандығы және босатылғаннан кейін көп ұзамай туыстарымен қайта қауышқаны туралы хабарланған.

Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етеді

Источник – www.inform.kz

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қоғамдық кеңесінің мүшелері мен министрлер Іле Алатауы табиғи ұлттық паркінде туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Іле-Алатауы табиғи ұлттық паркіндегі 35 гектар жерді жалға алған «Култау и К» ЖШС директоры Александр Гужавиннің қатысуымен қоғамдық кеңестің онлайн отырысы өтті.

Айта кетейік, Александр Гужавин жалпы көлемі 35 га болатын Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Камен, Талғар, Көкбастау, Түрген орман шаруашылығы аумағын пайдалануға алған. Тендерлік комиссияның шешімімен №1 лот жеңімпазы болып «КУЛТАУ и К» ЖШС танылған болатын.

Жеке инвестор барлық қатысушыларды жаңа жобамен таныстырды. Оның айтуынша, жоба табиғатты қорғауға, қолжетімділікті, жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі.

«2019 жылға жасалған талдауға назар аударсақ, туристер тауда екі күн сайын адасып кететін. Яғни бір жылда 180 адам. Менің ойымша, бұл – тау үшін өте көп», – дейді Александр Гужавин.

Сонымен қатар ол волонтерлер тарапынан ұсынылған ерекше идеяны атап өтті.

«Бізде бір қызық жағдай болды. Сиверс алма ағашын отырғызған күні алты ай бұрын тауда жоғалып кеткен қыз табылды. Ол тауға жалғыз кеткен екен. Содан кейін Әсел атты волонтер қарапайым бастама жасады. Мұндағы әрбір орталықта журнал болуы керек.Тауға баратын туристердің барлығы осы журналға тіркелуі тиіс. Онда адамдар қай бағытта кіммен бара жатқаны туралы толық ақпарат қалдырады. Бұл – республикалық жедел- құтқару жасағы үшін үлкен көмек болмақ»,– деді ол.

Өз кезегінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев қауіпсіздік мәселесінде шет елдердің тәжірибесі де зерттелгенін айтты.

«Біз мұның барлығы шетелде қалай ұйымдастырылғанын көрдік. Негізгі шарт – жақсы ойластырылған бағыттарды құру немесе ұйымдастыру. Біз Америкадағы бірнеше ұлттық паркте болдық. Сіз жай ғана кез келген жерде жүре алмайсыз. Оған рұқсат жоқ. Барлық туристік бағыттар қауіпсіздік ережелерімен қамтамасыз етілген. Туристердің өз бетінше қалаған жағына кетуіне жол бермеу үшін заңмен реттеу керек шығар. Бұл – қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі», – деп толықтырды Е. Нысанбаев.

Бұған дейін, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері журналистерге паркті дамытудың шеберлік жоспарын таныстырған болатын.

Еске салайық, Іле Алатауы табиғи ұлттық паркінің біраз аумағы 49 жылға жекеменшікке пайдалануға берілді.

Ақтау маңында еркін жүрген арыстан жұрттың зәресін ұшырды

Дереккөз – www.nur.kz

Ақтау қаласына жақын жердегі Ақшұқыр ауылында тұрғындар еркін жүрген арыстанды видеоға түсіріп алды. Маңғыстау облысының полиция департаменті аталған бейнероликке қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жыртқыш аңды ер адам видеоға түсіріп алған. Ол ауылда арыстан жүргенін ескертіп, тұрғындарды абай болуға шақырды. Ал аң патшасының өзін жайлы сезініп, төңіректі еркін аралап жүргенін көруге болады.

Полиция өкілдері Lada.kz басылымына мәлім еткендей, Ақтау маңында жыртқыш аң жүргені туралы хабар 25 маусымда таңертең келіп түскен.

Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері аттанды. Аңды табиғатты қорғау полициясының инспекторлары ұстады.

Арыстанның дені сау, қазіргі уақытта полицейлер оның елді-мекенде қайдан пайда болғанын анықтауда.

Еске сала кетейік, бұған дейін ғалымдар ежелгі қолтырауындардың екі аяқпен жүргенін анықтаған.

Ежелгі қолтырауындардың кейбір түрлері динозаврлар сияқты екі аяқпен жүрген. Австралияның Квинсленд университетінің ғалымдары осындай шешімге келді.

Мамандар Оңтүстік Корея аумағында ежелгі крокодиломорфтардың іздерін тапқан. Оларға 110-120 млн жыл болғаны анықталды. Басында ғалымдар 24 сантиметрлік аяқ іздерін птерозаврға тиесілі деп шешкен.

Мәжіліс қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға қатысты құжатты мақұлдады

Дереккөз – www.inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасын бірінші оқылымда талқылаған кезде айтылғандай, ол қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін құқықтық база қалыптастыру мақсатында әзірленді. Құжат тұрмыстық қатты қалдықтарды термиялық жолмен өңдеу арқылы электр энергиясын алуды көздейді. Бұл процестер экологиялық және экономикалық оң нәтиже алуға ықпал ететін болады», – деді Шавхат Өтемісов.

Оның сөзіне қарағанда, заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында құқықтық олқылықтарды әрі құқық қолдануда туындайтын қайшылықтарды болдырмауға, сондай-ақ нормалардың редакциясын жақсартуға және оларды талаптарға сәйкес келтіруге бағытталған бірқатар түзету қарастырылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 17 маусым күні Мәжіліс аталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған еді.

«Заң жобасына депутаттар қатты тұрмыстық қалдықтарды өртеу жолымен қайта өңдеп, кейіннен электр энергиясын алу үшін құқықтық база құру мақсатында бастамашылық жасады. Өртеуге қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтардың бір бөлігі ғана қамтылады. Жыл сайын елімізде шамамен 5 млн тонна қалдық пайда болады. Олардың тек 15 пайызы қайта өңделеді. Қазір осы міндетті іске асыру үшін бүкіл әлемде қоқыс жағатын кешендер жұмыс істейді», – деді Мәжіліс депутаты Құралай Қаракен.

Қазақстанда электр энергиясы қалдықтардан өндірілетін болады

Дереккөз – www.kazpravda.kz

Қазақстанда электр энергиясы қалдықтардан өндірілетін болады. Энергетикалық қалдықтарды басқаруға қатысты түзетулер екінші оқылымда Мәжілістің жалпы отырысында мақұлданды, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Заң жобасының қорытындысында айтылғандай, құжат коммуналдық қатты қалдықтарды термиялық өңдеуді қолдану арқылы қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мақсатында жасалды.

«Заң жобасының тұжырымдамасында тұрмыстық қатты қалдықтарды оны жағу арқылы кәдеге жарату қарастырылған, бұл қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға және жойылатын қалдықтардың мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Заң жобасының маңызды аспектісі – электр энергиясын өндіру үшін энергия қалдықтарын пайдалану сегментін қолдауға бағытталған нормалар» қамауда.

Заң жобасына сәйкес, қолдаудың негізгі тетігі – жанармай шығаратын электр энергиясын кепілдендірілген сатып алу, ол жаңартылатын энергетика саласын қолдаудың қолданыстағы механизміне ұқсас болады.

Заң жобасында Экологиялық кодекске және Қазақстан Республикасының «Электр туралы» және «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика