Дерек көз – gov.kz
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Министрдің бұйрығы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (сілтеме: http://egov.kz. Ашық үкімет ® Ашық НҚА ® Орталық мемлекеттік органдар ® ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі) және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы хабарлайды (сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/142763?lang=kk, https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/142763?lang=ru).
Осыған байланысты, Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.
Дерек көз – gov.kz
Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанның еңбек сіңірген геологы Олег Казанцевтің 85 жылдығына орай мерейтой иесіне «Еңбек ардагері» медалін табыстады.
«Геология саласы ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Пайдалы қазбалардың кен орындары қаншалықты зерттелгеніне өңірлердің материалдық-шикізат базасының жай-күйі байланысты. Сондықтан Сіз сияқты сарапшылардың саланың қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі өте маңызды. Сіз геологиялық барлау саласындағы көптеген жобалар мен бағдарламалардың авторысыз. Сіз жас ұрпақпен баға жетпес біліміңізді бөлісуді жалғастыра берудесіз», – деп атап өтті министр.
Олег Казанцев 1999 жылдан бастап қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның сарапшысы болып табылады, ол қорларды есептеу мен алтын, мыс және басқа да пайдалы қазбаларға арналған кондициялардың ТЭН бойынша 45-ке жуық сараптама жүргізді. 1959 жылы еңбек жолын КСРО Геология министрлігінің Батыс-Сібір геологиялық басқармасында бастады. Ол елдегі алтын мен басқа да металдарды барлау мен өндіруге үлкен үлес қосты. «Қазақстан Республикасының жер қойнауының құрметті барлаушысы» атағына ие.
Дерек көз – gov.kz
Қымбатты аналар, аяулы арулар, Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
8 наурыз – жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты жылылыққа толы күн. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек.
Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғап, ерлермен бірге ерлік жасаған. Бесік тербейтін де, ұлтымызды сақтайтын да – әйел, келін, ана. Сондықтан, ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Көктеммен бірге келетін мерекелік көңіл-күй сіздердің күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, бауырларыңызға бүтіндік тілеймін!
Ізгу тілекпен,
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі
Мағзұм Мырзағалиев
Дерек көз – gov.kz
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың жаңа Экологиялық кодекстің негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында жергілікті кәсіпорындар басшыларымен кездесті.
«Казцинк» ЖШС, «Өскемен ЖЭО» ЖШС және «Шығыстүстімет» ЖШС кәсіпорындары өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.
«Казцинк» ЖШС бас экологы Қазтай Такеев Еуропа анықтамалығында ең үздік деп танылған қос абсорбция және қос байланыс әдісімен күкірт диоксидін кәдеге жаратудың озық технологиясы металлургиялық кешенде қолданылатынын атап өтті.
«Компанияның стратегиялық бастамаларының қатарында біз төмен сұрыпты шикізат пен қайталама ресурстарды гидрометаллургиялық өңдеуді қарастыратын «Гидрополимет» жобасын атаймыз, бұл өз кезегінде экологияға пайдасын тигізеді», – деп түсіндірді Қазтай Такеев.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры Айдын Бексолтан, кәсіпорын ШҚО-да алғашқылардың бірі болып кәсіпорында қолданылатын техникалардың нақты техникалық жай-күйіне, олардың нәтижелілігі мен өзектілігіне, сондай-ақ ОҚТ және практикаларды енгізу мүмкіндігіне сараптамалық баға алу мақсатында кешенді технологиялық аудит жүргізу үшін «Халықаралық жасыл технологиялар мен инновациялардың орталығы» КЕАҚ-мен шарт жасағандығын айтты.
«Жылу энергетикасы кәсіпорындарын ауқымды жаңғыртуды жүргізу үшін айтарлықтай қаржыландыру қажет, ол көзделген ынталандыру шаралары есебінен жабылмайды. Осыған байланысты, ОҚТ жаңарту және енгізу бойынша көзделген шараларды іске асыру кезінде қаржыландыру тетігін мемлекеттік деңгейде бекіту қажет» – деп атап өтті Айдын Ордабекұлы.
«Шығыс түстімет» ЖШС объектілерінде іс-шаралар өткізіледі және Еуропа елдерінің үздік тәжірибелеріне сәйкес келетін техникалар мен технологиялар бар», – деп атап өтті «Шығыс түстімет» ЖШС техникалық директорының м.а. Владимир Фомин. Оның айтуынша, Артемьев өндірістік кешенінің Николаев байыту фабрикасы қайта құруға ұшырады, нәтижесінде жоғары алуға қол жеткізілді. Осы жоба аясында байыту фабрикасының кептіру бөлімі қайта құрылды, жаңа буынды камералық сүзгі-пресс орнатылды. Оларды енгізу шаң мен шығатын газдардың экологиялық шығарындыларын толығымен жоя отырып, кептіру мен газдан тазартудың энергия шығынын жоюға мүмкіндік берді.
Есеп беру қорытындысы бойынша вице-министр ШҚО барлық кәсіпорындарының жұмысын жақсарту және өндірісте ОҚТ енгізуді жеделдету бойынша ұсыныстар берді.
«Қазіргі уақытта «Казцинк» ЖШС күкірт қышқыл газын тазартудың классикалық схемасы белгіленген сапа нормативтерінің сақталуын қамтамасыз етпейді.Күкірт қышқылды қондырғылардың экологиялық тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды көздеу, сондай-ақ кәсіпорныңызда ОҚТ енгізуді жеделдету қажет», – деп атап өтті Ахметжан Пірімқұлов.
Сонымен қатар, «Шығыстүстімет» ЖШС қатысты соңғы мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша, Красноярка өзенінде ауыр металдар бойынша жүйелі асулар анықталды. Осыған байланысты, шахталық және сарқынды суларды тазартудың жаңа тиімді жүйесін көздеу ұсынылды.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС қаланың ірі табиғат пайдаланушыларының бірі ретінде тазарту жабдықтарын, атап айтқанда күкіртсіздендіру құрылыстарын жаңғырту немесе толық ауыстыру жөніндегі жоспарды әзірлеуі қажет, сондай-ақ ОҚТ енгізу бойынша жұмысты жалғастыру.
Дерек көз – gov.kz
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың жаңа Экологиялық кодекстің негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында жиналыс өтті.
Кодекстің негізгі бағыттары «ластаушы төлейді және түзетеді» қағидатын іске асыру, ең озық қолжетімді технологияларды енгізу, табиғат қорғау іс-шараларына бюджет қаражатын мақсатты жұмсау, үздік халықаралық тәжірибе негізінде экологиялық талаптарды қатаңдату, автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқаруды жетілдіру, оныңішінде «Waste to Energy» және т.б. енгізу болып табылады.
«Кодекстің жаңа редакциясы қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеу мен басқарудың тиімді және ашық жүйесін құруға бағытталған», – деп атап өтті вице-министр.
Ахметжан Пірімқұловтың сөзіне қарағанда, мемлекет табиғат пайдаланушыларға экологиялық айыппұл төлегеннен гөрі қоршаған ортаға теріс әсеретуді болдырмау бойынша барлық шараларды қабылдау тиімді болатындай жағдай жасауы тиіс.
Осы қағидатты негізге ала отырып, Кодексте кәсіпорындардың ең озық қолжетімді технологияларды (ОҚТ) енгізу шарты мен І санаттағы объектілердің кешенді экологиялық рұқсаттарына көшуі көзделген.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін ОҚТ-ға көшуді кезең-кезеңмен жасау ұсынылады. Кәсіпорын 10 жыл бойы экологиялық тиімділік бағдарламасына сәйкес ОҚТ енгізеді. Осы кезеңде олар эмиссия үшін төлемнен босатылады және сәйкесінше бұл қаражат ОҚТ енгізуге бағытталуы мүмкін.
Вице-министрдің айтуынша, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдер және табиғатты қорғау іс-шараларына бюджет қаражатының мақсатты жұмсауына қатысты ағымдағы жағдай халықаралық сарапшылар тарапынан бірнеше рет сынға ұшыраған. Осыған байланысты, ілеспе заң жобасында жергілікті атқарушы органдар экологиялық төлемдерден түсетін қаржыны 100% көлемде табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыруға міндетті екендігі көзделген.
Сондай-ақ, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ерекше бақылауында тұрған ШҚО экологиялық проблемаларын кешенді түрде шешуге бағытталған Жол картасын іске асыру туралы ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаевтың баяндамасы тыңдалды.
Отырыс барысында қоғам қайраткерлері, эко-белсенділер вице-министрге бірқатар сұрақтар қойды, олардың әрқайсысына толық жауап берілді.
Жалпы, жаңа Экологиялық кодексті іске асыру елдегі экологиялық жағдайды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік береді, ол үшін біздің азаматтарымызға да, ірі бизнеске де қолдау қажет.
05 наурыз 2021
Дерек көз – gov.kz
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов жұмыс сапарымен су ресурстарын дамыту бойынша өңірдегі істеліп жатқан жұмыстарды пысықтау, аймақтың биылғы жылғы вегетациялық кезеңге дайындығын білу, сондай-ақ су саласының басқа да мәселелеріне назар аудару мақсатында Түркістан облысы мен Шымкент қаласына барды.
Жұмыс сапарының алғашқы күні вице-министр Түркістан облысындағы аудан, қала әкімдерімен селекторлық режимде жиналыс өткізді. Жиында Түркістан магистральды каналындағы құрылыс жұмыстарының барысы және Сырдария өзенінен машиналық канал салу жобасы, Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту жобалары талқыланды.
Вице-министрдің қатысуымен өткен селекторлық жиынға онлайн форматта қосылған жауапты мамандар облыстағы кей аудандар қазірдің өзінде су тапшлығынан зардап шегуде деп дабыл қақты.
Серік Қожаниязовтың айтуынша, егер берілген тапсырмалар орындалмаса, биыл жағдай айтарлықтай ауыр болмақ.
«Бұл ретте салмақ шаруаларға түспек. Ал, статистикаға көз жүгіртсек, бұл жағдай әр 5-6 жыл сайын қайталануда. Салдарынан орақ науқаны ойдағыдай орындалмауы мүмкін. Сол себепті шаруаларды суды аз қажет ететін өнім түрлерін өндіруге шақырамын» деді,- вице-министр.
Сонымен қатар экология вице-министрі Түркістан облысындағы К-19, К-20, -28, К-30, ПК-73 – Достық магистралды каналдарының каналдарының жұмыс барысымен және ИДЖЖЖ-2 жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
«ИДЖЖЖ-2 жобасы кезең-кезеңімен күрделі жөндеуден өтіп, қайта қалпына келтірілетін болады», деп атап өтті Серік Қожаниязов.
Жұмыс сапары барысында вице-министр Шымкент қаласындағы нанос құрылғыларын шығаратын «КарлсКронор» ЖШС-нің жұмыстарымен де танысты.
Сондай жауапты мамандарға Жетісай ауданындағы «Машиналық әдіспен су көтеру каналының» арнасын тазалау және қажетті техникалармен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын дайындауға тапсырма берілді. Сондай-ақ 2021 жылғы жоспарға енгізілген насос қондырғыларын жөндеу жұмыстарын суармалы кезеңге дейін іске асырылуын қамтамасыз етуді де тапсырды.
Экология вице-министрі Серік Қожаниязовтың Түркістан облысы мен Шымкент қаласына сапарының қорытындысы бойынша хаттама толтырылып, өңірдегі су шаруашылықтары нысандарына, су саласының мамандарына бірқатар тапсырмалар берілді.
Дерек көз – gov.kz
Табиғи өсімдік ресурстарын теңгерімсіз пайдалану, олардың өсу ортасының жойылуы түрлердің жоғалуына және табиғи экологиялық жүйелердің тозуына әкеледі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетіне “өсімдік әлемі туралы” заң жобасын таныстыру барысында мәлімдеді.
Экология Министрінің орынбасары Қазақстанда өсімдік әлемін қорғауға, молықтыруға және оның барлық алуан түрлілігін ұтымды пайдалануға қойылатын регламенттеуші талаптар жоқ екенін атап өтті.
«Өсімдіктер дүниесіне қатысты мемлекеттік құқықтар мен мүдделерді қорғау тетіктерін айқындайтын тұтас, көпжоспарлы заңнамалық актінің жоқ екенін атап өту қажет. Өсімдіктер дүниесін пайдалануды реттеумен байланысты жекелеген нормаларда экологиялық, жер, су, кәсіпкерлік кодекстер, “Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы” ҚР заңы бар, олар еліміздегі өсімдіктер әлемінің гендік қоры мен генетикалық ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы мәселелерді реттемейді”, – деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.
Вице-министр атап өткендей, “өсімдіктер әлемі туралы” Қазақстан Республикасының арнайы Заңын қабылдаудың өзекті қажеттілігі осыған байланысты.
“Заң жобасын әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе ескерілді. Өсімдіктер әлемі туралы ұқсас заңдар Австралияда, Канадада, Оңтүстік Кореяда және Еуропалық Одақ елдерінде бар. Аталған заңдар өсімдіктер әлемі объектілерін сақтау мен ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған”, – деді ведомство басшысының орынбасары.
Ерлан Нысанбаев сондай-ақ, аталған заңды қабылдау қажеттілігі Қазақстан тарапы болып табылатын халықаралық конвенциялардың ережелеріне де байланысты екенін айтты.
Заң жобасы қабылданғаннан кейінгі перспективалардың ішінде қолданыстағы заңнамадағы олқылықтар мен қайшылықтарды жою, өсімдіктер дүниесі саласындағы жалпы мемлекеттік міндеттерді шешуге ықпал ететін экономикалық ынталандыру жүйесін іске асыру, елдің бүкіл аумағында өсімдіктер дүниесі объектілерін қорғау мен қорғауды жақсарту аталды.
Айта кетейік, заң жобасы бойынша құқықтық, экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және экологиялық сараптамалардың қорытындылары мен мүдделі мемлекеттік органдардың келісулері алынды. Бүгінде құжат Мәжілістің қарауында жатыр.
Дерек көз – gov.kz
Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Финляндияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист ханыммен кездесті. Кездесу барысында түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Ведомство басшысының айтуынша, технологиялар мен инновациялар саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын Финляндиямен ынтымақтастық Қазақстан үшін маңызы арта түсуде.
Сондай-ақ, Мағзұм Мырзағалиев елшіге Қазақстандағы экологиялық саясат туралы ақпарат беріп, жасыл технологиялар мен табиғи ресурстарды дамыту басымдық болып табылатынын атап өтті.
«Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында біз ұзақ мерзімді жоспарлар әзірлеп жатырмыз. Осылайша, ары қарай газдандыру, қоғамдық көлікті газ отынына көшіру, қалаларды көгалдандыру және т.б. жөніндегі іс-шараларды іске асыру көзделген, сондай-ақ «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде, онда биологиялық әртүрлілікті сақтау және ұтымды пайдалану мәселелеріне назар аударылатын болады», – деп атап өтті Экология министрлігінің басшысы.
Министр жаңа Экологиялық кодекстің нормаларын, оның ішінде кәсіпорындарда ең озық қолжетімді технологияларды енгізу, бұл оларды эмиссия үшін төлемнен босататынын да айтты.
«Мемлекет кәсіпорындардың шығындарын бөлетін мұндай тетік әр елде бола бермейді. Біз өндірісті жаңғырту және елдегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында осы тәсілді саналы түрде таңдадық», – деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.
Кездесу барысында тараптар одан әрі ынтымақтастықты талқылады. Осылайша, 1992 жылдан бастап маңызды диалог алаңына айналған бірлескен Қазақстан-Финляндия үкіметаралық комиссиясы жұмыс істейді деп айтылды. 2020 жылдың тамыз айынан бастап Экология министрлігі қазақстан тарапынан комиссия жұмысына жауапты мемлекеттік орган болып табылады. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы ынтымақтастық энергетика, білім беру, көлік, ауыл және орман шаруашылығы, денсаулық сақтау, су ресурстары сияқты салаларда жүзеге асырылуда.
«Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі әлеуетін назарға ала отырып, біз жасыл энергетика, қалдықтарды кәдеге жарату, орман шаруашылығы, табиғи және су ресурстарын ұтымды пайдалану, геологиялық барлау және табиғи ресурстарды өндіру, цифрлық даму, кеме жасау, тамақ, құрылыс, химия өнеркәсібі сияқты салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз»,- деп түйіндеді министр.