Басшылық | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Басшылық

Жанат Самат

1980 жылы Ақтау қаласында туған. 2001 жылы Есенов атындағы Ақтау университетін «Экономист» мамандығы бойынша аяқтады.

Қызметтік жолын 2001 жылы Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің ірі салық төлеушілерді талдау және мониторинг бөлімінің бас салық инспекторы болып бастады. Әр жылдары өңірдің Салық комитетінде келіспеушіліктер және консультациялар бөлімінің, жер қойнауын пайдаланушылар аудиті бөлімінің, жеке тұлғалар аудиті бөлімінің бас салық инспекторы қызметтерін атқарды.

2005-2006 жылдары Алматы қаласында «Салық консалтинг» ЖШС консультант-аудиторы болып жұмыс істеді.

2008 жылы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары, 2009 жылы «Маңғыстау облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының Маңғыстау облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жобаларын үйлестіру орталығы» ШЖҚ МКК директоры болып тағайындалды.

2010 – 2012 жылдары аралығында «Каспий «ӘКК «ҰК» АҚ басқарушы директор-аппарат басшысы, Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерінде болды.

2014-2016 жылдары Қызылорда қаласында «Байқоңыр» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК АҚ Басқарма төрағасы болды.

2019 жылы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика